1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%


Көру анализаторы. Көздің жарық сындырылу қабілеті. Торлы қабықтың фоторецепторлары



бет50/80
Дата18.12.2022
өлшемі261,4 Kb.
#58012
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
58.Көру анализаторы. Көздің жарық сындырылу қабілеті. Торлы қабықтың фоторецепторлары. Уник 100%
Көру анализаторы дегеніміз- қоршаған ортадағы жарық пен түсті ажыратуға арналған талдағыштар. Оның қызметі нәтижесінде ағза айналаны бағдарлап, олардың бейнесін көре алады. Көру анализаторының негізгі қабылдаушы жүйесі- көз болып табылады. Сонымен қатар, көру жүйкесі мен мидағы орталықтан тұрады.
Фоторецепторлар ішкі және сыртқы болып екі буыннан тұрады. Ішкі буынында көздің қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядролар мен митохондриялар орналасса, сыртқы пигметті буынында жарыққа сезімттал пигменттер орналасады. Көздің жарықты қабылдағыш рецепторлары көз алмасының торлы қабағанда орналасады. Жалпы, торлы қабықта 2 түрлі жарық сезгіш рецепторлар орналасқан, яғни таяқшалар мен сауытшалар. Торлы қабық- 10 қабаттан құралған құрылымы күрделі бөлім болып саналады. Оның тамырлы қабатпен жанасатын бөлімінде пигментті торшалар түзілген. Бұл торшалардың құрамында фусцин деген шағылысуға мүмкіндік бермейтін фермент болады. Пигментті торшалар түзілген қабаттың ішкі бөлімінде, сол қабатпен жанасатын өсінділер шығып, фоторецепторлық қызмет атқарушы торшалар қоршай орналасады. Сол торшалар көзге бірден қатты жарық түскен кезде, пигментті дәндер өсінділерге қарай ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды жарықтың әсерінен қорғайды. Торлы қабықтың келесі бөлімінде сауытшалар орналасады. Олар күндізгі көру аппараты болып келеді. Яғни, олар күшті жарық түскен сәтте ғана тітіркенеді. Ал, таяқшалар түнгі әлсіз, қарауытқан жарықтағы сәулелердің әсерінен тітіркенеді. Торлы қабықтың фоторецепторы болып табылатын сауытшалардың саны 9млн-ды құрап, қабықтың ортаңғы бөліінде орналасса, құтышалар шет жағында орналасып, 130 млн-ды құрайды.
Көздің қасаң қабығы, шыны тәрізді денесі мен көзбұршағы- оның негізгі жарық сындырушы жүйесі болып келеді. Олар жарықтың бәрін жинақтап, жарықтың толқындарын сындырушы қызмет атқарады. Жарықтың сыну көрсеткіші диоптрия деп аталатын өлшем арқылы сипатталады. Жарық сәулелері қарашық арқылы көздің жарық сындырушы жүйелеріне өтіп, фокуста жинақталып заттың нақты, кішірейтілген бейнесін қалыптастырады да оны торлы қабыққа түсіреді. Шыны тәрізді дене- көздегі ең жақсы жарық сындырғыш құрылым болып есептеледі. Яғни, шыны тәрізді денеде жарық сәулелері сынып, торлы қабықтағы фокустың үстінде жинақталады. Егер шыны тәрізді дененің жарықты сындыру қабілеті төмендесе, онда ол фокустан асып жинақталады. Ал, жоғарыласа, керісінше, фокусқа жетпей жинақталады. Бұл кездерде бейне бұлыңғырланып, анық емес болып көрінеді. Торл қабықтағы таяқшалар мен сауытшалар фокуста жинақталған сәулелердің әсерінен фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет