2.Сөйлеу аппаратының орталық, шеткі бөлігі.
Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:
Демалу бөлігі;
Дыбыс бөлігі;
Дыбысты құбылтып — өзгерту бөлігі.
Демалу бөлігінде адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Себебі адамның сөйлеу процесі демалып, дем шығару процесімен тікелей байланысты. Адам әдетте дем шығару арқылы сөйлейді, әшейін кездегі демалумен салыстырғанда адамның сөйеген кездегі демалуы өзгеше болады. Ересек аамдар бір минутта орта есеппен 16 – 18 ре демалып,дем шығарса ,сөйлеген кезде бар жоғы 8 – 10 рет дем алып, дем шығарады екен.
— сөйлеген кезде өкпеге ауаны жай кездегімен салыстырғанда 4 рет көп жұтады;
— ауыз арқылы дем алу ;
— сөйлеген кездегі малу процесіне диафрагма да қатысады.
Адамның сөйлеу қабілеті бқұзылып:дизартрияға,ринолалияға және тұтықпаа шалдыққанда ,оның дем алып ,дем шығару процесі де бұзылады.
Дауыс бөлімі дауыс қыртыстары бар көмекейден тұрады.
Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар сақиналардан құраған кең де қысқа түтікше,көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Үстіңгі жағында жұтқыншаққа, ал төменгі жағында өкпенің тыныс жолдаында жалғасып жатады.
Көмекеймен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын қалқанша орналасқан, соның арқасында жұтқан тамақпен сілекей көмекей қуысына түспейді. Көмекей ішідегі кілегей қабығының қыртыстары шын дауыс сіңірінен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сіңірінен тұрады.
Адамның даусы (фоноция)қалай шығады?
Дауыс шыққан кезінде дауыс сіңірлері бір – біріне қабысып жақын тұрады. Дем шығарғанда ауа сол дауыс сіңірлерінің арасынан қысылып өтіп, олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырылуы арқылы дауыс сіңірлері дірілдеп, көмекей қуысындағы ауаны да әр түрлі дірілге түсіріп ,қозғап, соған байланысты әртүрлі дыбыс шығарады. Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс сіңірлерінің бір болігі ғана қозғалысқа түседі. Адамның дауысы күшіне, жіңішке – жуандығына және тембріне қарай бөлінеді. Дауыстың жіңіке – жуандығы сіңірлерінің ұзыдығына, жуандығыа және керілу дәрежесіне тікелей байланысты. Ал ауыстың тембірі көмекейдің формасының, көлеміне және құрылысына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |