1.Физиологиялық және сөйлеу кездегі дем алудың айырмашылығы. Салыстырмалы кесте толтыру. 2.Сөйлеу аппаратының орталық, шеткі бөлігі. (Практикалық дәптерге сөйлеу аппаратының орталық және шеткі бөлігінің профильдерін салу)
СӨЙЛЕУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
функционалдық жағынан
алғанда үш бөлімнен тұрытын кішкене тіл мүшесі түтігімен
салыстырылады. Бірінші бөлім қызметін өкпемен бірге тыныс алу
бұлшық еті мен тынс алу жолдары (бронха, трахея) атқарады; екінші
бөлім қызметін дауыс қатпарлары, ал үшінші бөлім қызметін
жұтқыншақ, ауыз қуысы мен мұрын қуысы атқарады.
Сөйлеу аппаратының осылай бөлінуіне орай сөйлеу қызметтерін
де үшке бөліп қарастыруға болады:
1) ауа ағынының пайда болуы;
2) дауыстың пайда болуы (фонация);
3) сөйлеу дыбыстарының пайда болуы (артикуляция).
Дауыстың және сөйлеу дыбыстарының пайда болуына қажетті
ауа ағыны тыныс алу процесінде түзіледі, әсіресе дем шығару
фазасында. Осыған байланысты сөйлеу мүшелерінің қызметін
сипаттаған кезде ең бірінші тыныс алу процесін қарастырған жөн. Тыныс алу
яғни организм ұлпаларына оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын
шығару. Осы алмасу өкпеде жүйелі түрде ауысып, жаңарып отыратын
ауа арқылы іске асады.
Дем алу кезінде кеуде қуысының алға қарай кеңейуі жүреді. Бұл
тыныс алу бұлшық еттерінің негізінде, әсересе сыртқы
қабырғааралық еттер мен диафрагма арқылы жүзеге асады.
Кеуде клеткасы кеңейген кезде өкпе көлемі де кеңейеді, өйткені
плевра қуысындағы теріс қысымның болуы өкпені кеуде клеткасы
қабырғасымен сәйкес пассивті қозғалтады. Осы кезде өкпе
альвеолалары тыныс жолдары арқылы атмосферадан түскен ауаға
толады.