1. Физиологиялық және сөйлеу кездегі дем алудың айырмашылығы. Салыстырмалы кесте толтыру. Сөйлеу аппаратының орталық, шеткі бөлігі.


Қалыпты дем шығару үшін бір рет дем шығару бұлшық еттерін



бет2/5
Дата03.03.2022
өлшемі473,52 Kb.
#26936
1   2   3   4   5
Байланысты:
Рахым Жулдыз

 Қалыпты дем шығару үшін бір рет дем шығару бұлшық еттерін

босатса болды. Осы жағдайда кеуде клеткасының


қабырғасы түсіп,
диафрагма көтеріледі, ал өкпе альвеолалардың
серпімді
қабырғаларына байланысты көлемі жағынан кішірейеді
және ондағы
ауаны тыныс жолдары арқылы сыртқа шығарады.
Терең дем шығару
дем шығару бұлшық еттері арқылы, яғни құрсақ
қабырғасының
және ішкі қабырғааралық бұлшық еттер арқылы іске
асады. Қалыпты дем алу мен дем шығару мұрын арқылы жүреді.

Дем
алған ауа мұрын қуысында болатын эпителий түктеріне байланысты


әр түрлі микроорганизмдерден, шаң-тозаңнан тазарып, жылынады.
Мұрын арқылы қалыпты дем алу үшін мұрын жолдары таза
және бос болуы қажет. Егер мұрында ауа ағынының өтуіне кедергі
болатын кедергілер болса (мұрын полиптері, мұрын жарғақшасының
қисаюы, тұмау кезінде кілегей қабатының ісінуі, мұрынжұтқыншақта
аденоидтардың болуы), онда тыныс алу ауыз арқылы іске асады. Осы
кезде мұрынның кілегейлі қабатының қорғаныс қызметі өшіп, ауа
қажет емес тыныс алу жолдарына түсіп, өкпеге сондай жылынбаған,
тазармаған күйде барады.Мұрын жолының өткізгіштігінің

қалыпты
болуы иіс сезу қызметі үшін де маңызды.


Ауаның құрамында болатын иістер мұрын
куысының жоғарғы бөліміне түсіп, иіс сезу
жасушаларын тітіркендіреді де, иіс сезімін
тудырады. Тыныс алу түрлері.

Тыныс алудың осындай түрлерін


Ажыратады :
1) бұғаналы;
2) қабырғалы (кеуделі);
3)диафрагмалды (құсақты).
Тыныс алудың бұғаналы түрінде иық белдеуі және жоғарғы
қабырғалар көтеріліп, нәтижесінде жоғарғы кеуде клеткасының
кеңеюі жүреді. Қабырғалы, немесе кеуде арқылы дем алған кезде
кеуде клеткасы алдына және шет жақтарына қарай кеңейеді.
Диафрагмалды дем алу түрінде белсенді қызмет ететін
диафрагма болып табылады. Жиырылып, тығыздалғанда диафрагма
түседі, осының салдарынан кеуде клеткасының төменгі бөлімінің
көлемі кеңейеді; осы кезде құрсақ қабырғасы шығып, дөңестеледі. Қандай болмасын тыныс

алу түрінде белсенді қызмет


ететін бұл диафрагма. Тыныс алу түрлері жыныс, жас
және қызмет жасау ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, әйел адамдарда көбнесе кеуде арқылы тыныс
алу жүреді, ер адамдарда құрсақ арқылы тыныс алу
басым; физикалық еңбек түрімен айналысатын
адамдарда құрсақ арқылы тыныс алу басымырақ, ал
үнемі отырып жұмыс істейтін адамдарда тыныс алу типі
кеуделік болады. Балаларда көбнесе аралас
тыныс алу типі, яғни олар құрсақ арқылы да , кеуде
арқылы да тыныс алады. Терең, немесе толық тыныс
алған уақытта барлық үш тыныс алу түрлері ұштасады. Кеуде клеткасының, қарынның алдыңғы қабырғасы

мен диафрагманың орналасуы:


_________________ қалыпты тыныс алу кезінде
_________________ қабырға арқылы тыныс алу
кезіндегі дем алу
------------------------- диафрагма арқылы тыныс алу
кезіндегі дем алу
…………………..... бұғана арқылы тыныс алу кезіндегі дем
алу
1 минут ішінде 16-20 тыныс алу циклі (дем алу және
дем
шығару) болады. Дем алу ұзақтығы мен дем шығару
ұзақтығы
шамамен бір-біріне тең (1:1,25) болады. Өкпе сыйымдылығы.

Қалыпты дем алып, дем шығарғандағы


ауаның көлемі орташа алғанда 600 смі. Бұл көлемді тыныс алу
көлемі деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ған дем алғаннан соң,
демін шығармай тұрып, тағы да 1500-1800 смі ауаны сіңіруге болады.
Мұндай көлемді қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан
кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1000-1500 смі
ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл қалдық ауа. Қалыпты дем
шығарған кезде қалдық ауадан басқа, тек максималды дем шығаруда
бөлінетін резервтік ауа көлемі болады. Резервтік ауаның көлемі
1500- 1800 смі. Сонымен, адам терең дем алғаннан кейін терең дем
шығару кезіне өкпеден шамамен 3500-4000 смі ауаны шығарады.
Тыныс алу, қосымша және резервті ауа көлемі өкпенің тіршілік
сыйымдылығы болып табылады.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы адамның

жасына, жынысына және спортпен


шұғылдану ерекшеліктеріне байланысты
болады. Әйел адамдарға қарағанда ер
адамдарда ӨТС жоғары. Спортпен
шұғылданып, жаттыққан кезде ӨТС 50006000 смі дейін жетеді. 1-3 жастағы
балалардың ӨТС - 300-400 смі, 4-7 жаста 440- 900 смі, 8-12 жаста - 1100-1600 смі, 1316 жаста - 1900-2400 см.Сөйлеу кезінде тыныс алу

Сөйлеу кезінде тыныс алу. Сөйлеу кезінде тыныс


алу
мүшелері өзінің газ алмасу қызметін жалғастыра
отыра, бір уақытта
дауыс шығару мен артикуляциялық қызметтерді
атқарады.
Сөйлеу кезіндегі тыныс алу, немесе сөйлеу демі
қалыпты дем
алудан ерекшеленеді. Ол сөйлеу кезінде тыныс
алуға бірнеше
талаптарды қояды.
Сөйлеу қызметі дем шығарған фазада пайда
болатының білеміз. Толық мағына беретін сөздерді

Толық мағына беретін сөздерді, тіркестерді қосып айту


үшін ұзақ мерзімді дем шығару қажет. Ал дем алу қысқа
болу керек. Сөйлеу демінің ең басты ерекшелігі осыда,
яғни дем шығару уақытының ұзақ болуында. Егер
қалыпты жағдайда дем алу мен дем шығару
ұзақтықтары шамамен бірдей болса, сөйлеу демі
кезінде дем алу фазасы 5-8 есе ұзақ болады . Қалыпты
дем алу кезінде тыныс алу қозғалысы (циклі) минутына
16-20 тең, яғни бір циклге 3-4 секундтан; сөйлеу
демінде тыныс алу қозғалсы екі есе төмендейді,
осыған байланысты әрбір тыныс алу цикліне екі есе көп
уақыт жұмсалады (6-8 секунд). Бұл сөйлеу демінің
екінші ерекшелігі. Ұзақ дем шығару үшін қор ауаның көлемі де жоғары болуы

ықтимал. Сөйлеу кезінде дем


шығаратын ауаның көлемі, соған сәйкес дем
алғандағы ауа көлемі 1500-2000 смі дейін
жоғарлайды. Сонымен, сөйлеу кезінде дем алу тек
қысқа уақытты ғана емес, ол сонымен қатар терең
болуы қажет. Бұл үшінші ерекшелік. Сөйлеу демінің
келесі төртінші ерекшелігі, бұл – сөйлеу кезіндегі
дем шығарудың арнайы дем шығару бұлшық
еттерінің белсенді қатысуымен іске асуында.
Сөйлеу демінің ерекшеліктері төмендегі кестеде
көрсетілген: Сөйлеу демінің ерекшеліктері

Көрсеткіштер


Қалыпты тыныс алуда
Сөйлеу кезінде тыныс
алуда
Дем алу және дем
шығару
ұзақтықтарының
қатынасы
1:1,25
1:5-1:8
1 минуттағы тыныс алу
16-20
8-10
Дем шығару кезіндегі
ауа көлемі
500 смі
1500-2000 смі
Дем алу не арқылы іске
асады
Мұрын арқылы
Ауыз арқылы Балаларда қалыпты сөйлеу

демі сөйлеу


қызметінің даму процесіне сәйкес
қалыптасады. Есту, сөйлеу қабілеттері
бұзылған балаларда және басқа да сөйлеу
ырғақтарының бұзылыстарында
сөйлеу демінде дефектілер байқалады:
өкпеге ауаның тым толып кетуі, немесе
терең дем ала алмау.Дауыстың пайда болуы (фонация)

Дауыстың пайда болу механизмдері. Қалыпты дем алған


уақытта дауыс саңылауы ашық және оның пішіні тік бұрышты
үш бұрышқа ұқсас болады. Дем алатын және дем шығаратын
ауа осы кең дауыс саңылауы арқылы өтеді. Фонация кезінде
нағыз дыбыс қатпарлары түйілген күйінде болады . Дем
шығарғандағы ауа ағыны осы түйілген дыбыс қатпарларын шет
жақтарға қарай жылжытады. Дыбыс қатпарларының серпімді
болуына және бұлшық еттердің әсеріне байланысты дыбыс
саңылауын тарылтатын дыбыс қатпарлары қайта бастапқы
қалпына келеді. Сонымен, фонация кезінде дауыс
қатпарларының тербелісі болады. Осы тербелістер көлденең
бағытта іске асады, яғни дауыс қатпарлары ішкі жақтан сыртқа
қарай орын ауыстырады (жоғарыдан төменге қарай емес). Фонация кезіндегі дауыс

қатпарларының


тербелісін орган түтігінің пружиналы
тілшелерінің тербелісімен салыстыруға
болады . Пружина әсерінің салдарынан
тілшелер бір-біріне тығыз қысылады. Ауа
ағыны түтікке түскен кезде астыңғы жағынан
тілшелерді басады. Осы қысымның әсерінен
тілшелер жан жаққа таралып, ауаның бір
бөлігін сыртқа шығарады. Бұл кезде тілше
астындағы қысым төмендеп, пружина
әсерінен қайта бір-біріне.Дауыс қатпарларының сызбанұсқасы: а- тыныс алу кезінде; б-дауыстың пайда болуы кезінде; в-фальцет кезінде; Бағдарша дауыс.Бұл кезде тілше астындағы

қысым
төмендеп, пружина әсерінен қайта бірбіріне жанасып, қысылады. Ауа ағыны


қайта түтікке түсіп, барлық цикл
қайталанады. Тілшелердің ашылып,
жабылуы ауаның қоюлануын, түтіктің
жоғарғы бөлімдерінің тітіркенуін
тудырады, яғни белгілі күші, биіктігі бар
дыбыстың қабылдануын тудыратын ауа
толқының қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет