1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі



бет13/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   112
«Күлтегін» (684-731) ескерткіші «Білге қаған» ескерткішімен қатар бір жерде табылған. Күлтегін 731 жылы 27 ақпанда 47 жасында қайтыс болған. «Күлтегін» жыры өз алдына дербес 8 циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан дербес хикая болып келеді.


17.Фольклордың ең өзекті тақырыбы - елдік пен ерлікті жырлануы.
Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі процесс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жанрларды жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм, тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Орта ғасырлардағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос, ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға ықпалы зор болды. Фольклордың ең өзекті тақырыбы- елдік пен ерлікті жырлау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күресі фолшьклорда кеңінен сөз болды. Қазақстанның Ресейдің боданы болуына байланысты фольклорда жаңа тақырыптар пайда болды. 1916ж. ұлт-азаттық көретіліс, 1941-45ж.ж. ІІ Дүниежүзілік соғысы арнау, жоқтау, сәлем хат, қоштасу тәрізді лирикалық жыр жанралрының қайта жаңғырған кезеңі еді. ІІ Дүнижүзілік соғыс кезіндегі халық поэзиясы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы және фольклористика ғылымының тарихы.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу шын мәнінде бірнеше ғасырлық тарихы бар келелі іс. Қазақ фольклоры туралы ғылым ХУІІІ ғ. қалыптаса бастады. ХІХ ғ. І жартысында қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелді. ХХғ. бас кезіндегі қазақ фольклоры жаййында мәселелр көтеріліп, газет-журналдарда халық мұрасын жинау, зерттеу, бағалау хақында пікірлер айтылды. (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М:Әуезов, С.Мұқанов т.б.) 30ж.ж. кеңестік дәуірдергі халық творчествосын зерттеу одақтық көлемде қолға алына бастады. М.Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»(1939), С.Мұқановтың «Батырлар жыры» (1939), Қ.Жұмалиевтің «Халық поэмалары» (1939), Ә.Марғұланның «Қазақ эпосын тудырған мотивтер» (1939) т.б. еңбектері жарияланды. 40-50ж.ж. қазақ фольклорының жанрларын монографиялық көлемде зерттеу қолға алынды. 70-80ж.ж. қазақ фолклортану ғылымының үлкен белесті кезеңі болды. Ғылымға Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б,Абылқасымов, Ш.Ыбыраев, Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдар келді. Қазақ фольклорының поэтикасы, тарихилығы, эстеткиасы т.б. өзекті мәселелер зерттеу нысанасына алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет