1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


​Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы



бет71/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

104.Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.
Қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы айқын танытатын лиро-эпостық жырларда халықтың өткен заманында жастардың бас еркі болмағандығын, олардың арман-мүдделеріне жетуіне, сүйгендеріне қосылуы жолында көптеген бөгеттердің кездескендігін, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр қаза, зор қасіретке ұшырағандарын эстетикалық ой-талғаммен жырға қосып отырған. Бұл халықтық сипат негізінде туған лиро-эпос жырлар өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын сынға алып, жастардың болашағына кедергі болар әдет-ғұрыптан арылу жолын аңсаған халық даналығын аңғартады. Бұл жырларда тек ғашықтық, махаббат әңгімелерімен бірге халықтың ертедегі тұрмысы, салты, қоғамдық мәні бар әлеуметтік жайлары айтылған. Жырлардың оқиғасы ескі әдет-ғұрыптан халықты арылтып, даналық ой-толғамды ұстанған жаңа тұрмыс, салтымен жастардың болашағының баянды болуын аңсаған армандары орын алған.


105.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
Лиро-эпос жырларының ішінде тақырыбы, оқиғасы, құры-лысы жағынан ерекше орын алатыны және халық арасына көп тарағаны — «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жайындағы жыр. Бұл жыр бір-біріне ғашық болған екі жастың өкілдерін ғана баяндаған дастан емес. Ол сонымен қатар, қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған, халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр.
Мұхтар Әуезов пен Ысқақ Дүйсенбаев зерттеулерінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры ХV-ХVІ ғасырлар шамасында шыққандығын айтады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры негізінде халықтық жыр. Сюжет құрылысы, оқиғаны дамытуы жағынан болсын, көркемдік-шеберлігі, образ жасау жағынан болсын, бұл — күрделі шығарма, Мұнда да жырдың басты тақырыбы — ескі әдет-ғұрып, тұрмыс-салттан алынады. Жырда жастарды үйлендіру салтын, жырдың басты тақырыбы етеді. Қарабай мен Сарыбай төс түйісіп құда болысады, енді туылатын балаларын атастырып қояды. Ш.Уәлихановтың жазып алған Шөже ақынның вариантында: Аягөз бойына көшіп келген Қарабайды ноғайлының биі Сұлтанғазы ерулікке шақырады. Бұған сол елдегі Шақшақ дейтін атақты байдың мырзасы Қодар да келеді. Жиналған жұрттың көзі Баянға түсіп, оның сұлулығына таң қалысады. “Тоқсан мың малыңды қандай жұттан болса да құтқарып берем, ақыма мал алмаймын, тек Баянды бересің”, — дейді Қодар. Малының шығын болмайтындығына және Қодардай қарулы жігіт өзі жалданып отырғанына, оның еңбегіне мал сұрамай, Баянды сұрап отырғанына, Қарабай қуанады да: “Баянды берем”, — деп уәде етеді. Қарабай қызының айттырып қойған күйеуі бар екенін Қодардан жасырады. Қарабайдың Баянды бермек болғанына сенген және Баянның басы бос деп ойлаған Қодар қатты алданады. Ол Баянға қосылу мақсатымен қолынан келген күшін аямайды. Шөл даладан құдық қазып, Қарабайдың тоқсан мың жылқысын суарады.
105.Тарихи жырларда өмір шындығының суреттелуі.
Қазақ халық поэзиясында мазмұны жағынан тарихи деректілігімен, жанрлық табиғаты жағынан сан-алуан поэтикалық ерекшеліктерімен көрінетін өлеңдердің бірі – тарихи өлеңдер. Тарихи өлеңдер өзіндік қалыптасу және дамуы жағынан тек бір ғана дәуірдің рухани құндылықтары емес, онда сандаған ғасырлардың шытырман оқиғаларының сәулесі мен ізі бар.
Халық поэзиясындағы жоқтау, қоштасу, лирикалық өлеңдермен тарихи өлеңдердің өзара қарым-қатынасы бар. Бірақ тарихи өлеңдерді отбасы әдет-ғұрып поэзиясына жататын азалау фольклорымен шатастыруға болмайды. Онда жеке адамның өмірден өтуі, тіршіліктегі тағдыр-талайы айтылса, тарихи өлеңде жалпы халықтың елі мен жеріне деген шынайы махаббаты, қимастық сезім сырлары сипатталады. Лирикалық өлеңдермен сабақтастығы да осы тұста көрініп, тарихи өлеңдердің әнге айналуы байланыс-бірлігін дәлелдейді. Солай десек те, тарихи өлең таза лирикалық өлең емес, тарихи өлең көбіне оқиға болып жатқан сәтте туындап, оқиғаның себеп-салдарын түсіндіруге бағытталады.
Тарихи жырдың өзінің болмыс-бітімі, айтылу ерекшелігі, мазмұны мен формасы жағынан эпикалық мұралар қатарына енетіндігі талас тудырмайды. Эпосқа тән белгілердің бәрін табуға болатындығы да толық иландырады. Тарихи өлеңде жоғарыдағы айтылғандай ел мен жер тағдыры, қоғам психологиясы жатқаны рас. Тарихи өлең өте жедел, оқиға болған сәттен туындап әлеуметтік өмірдің тыныс-тіршілігін көз алдыңа жайып тастайды. Сол себептен онда көңіл-күй ахуалы лирикалық тұрғыдан беріліп, әділетсіздіктің шынайы сипаттамасы беріледі.
Тарихи өлеңдерді шығарушылардың өзі сол заманда өмір сүріп, қайғылы оқиғаларды көзбен көрген дейтін ғылыми пікірдің дұрыс айтылғанына осыдан толық көз жеткіземіз. XIX-XX ғасырдың басында болған ірілі-ұсақты оқиғалардың тарихи өлеңдегі сипаттамасына сол тұстағы халық ақындарының шығармашылығынан бөлек болып, жеке саралауға болмайтындығы да осындан айқын аңғарылатындай.
Сонымен түйіндей келсек, тарихи өлең өз табиғаты жағынан көңіл-күйге қатысты жоқтау, қоштасу секілді өлеңдермен дәстүрлік байланысы бар болса, лирикалық өлеңдермен қарым-қатынасы да тікелей сол тұрғыдан деп түйіндейміз. Ал ақын-жыраулар поэзиясымен үндес болу себебі, дәуірдің мұңы мен сыры, халықтың тағдыр-талайы сөз өнерінің қайраткерлерінде алдымен орын алатындығында екенідігі талассыз. Тарихи өлеңдерді шығарушылардың өзі сол тұстағы ақын-жыраулар болғаны анық. Бірақ дер кезінде қағаз бетіне түспегендіктен, рухани мұрамыз қатарынан орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп келе жатқаны рас. Жырлану дәстүрі, көркемдік болмыс-бітімдерінің ортақтасуы бұны нақты көрсете алатындығына шүбә келтіруге болмас. Бір ғана мәселе ақын-жыраулар толғауларында сол тұстағы ел қорғаған батырларды атап, олардың ерлік істерін асқақтата жырлау бар. Тарихи өлеңде бұндай ерекшеліктен гөрі, елімен, жерімен қоштасуы кеңірек орын алған. Басты мәселе осында екендігін ескергеніміз абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет