1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Лиро-эпостық жырларда халықтың тұрмыс-салы мен әдет-ғұрпының жырлануы



бет69/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

100.Лиро-эпостық жырларда халықтың тұрмыс-салы мен әдет-ғұрпының жырлануы
Лиро-эпостық жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттелген.
Лиро-эпостық жырлар халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпымен талай ғасыр бойы бірге жасасып, әртүрлі жағдайларды, таптық, қоғамдық тілектердің ыңғайына қарай өзгеріп отырған. Ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіретін лиро-эпостық жырлардың өздері де таза күйінде халықтық сипатын толығынан сақталған емес.
Оған себеп: халық шығармаларын жырлаушылар қызғылықты сюжет, бітіспейтін тартыс, кестелі тіл, яғни көркем шығармада болуға тиіс көркемділік құралдарды тиімді пайдаланып, шығарма мазмұнын әсерлі етіп жеткізген тіл шеберлілігінен көреміз. Халықтық сипаты бар деп танылатын лиро-эпос жырларының қайсысынан болса да әр қилы әлеуметтік қайшылықтар мен кемшіліктердің кездесуі осыдан.
Қазақ ауыз әдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпымен біте қайнасып кеткен бірнеше үлгілері бар. Солардың ішінде бастылары деп “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Айман - Шолпан” жырларын айтуға болады.
Бұл жырларда тек ғашықтық, махаббат әңгімелерімен бірге халықтың ертедегі тұрмысы, салты, қоғамдық мәні бар әлеуметтік жайлары айтылады. Жырлардың оқиғасы халықтың тұрмыс, салтынан басталып, ғашықтардың махаббат сезімдеріне ұласады.

101.Лиро-эпостық жырлардың бейнелеу жүйесі, композициясы.
Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро-эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір-біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе ата-аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
Лиро-эпостық жырлардың ерешелігі де, көркемдік қасиеті де осында. Классикалық дәрежеге көтерілген сүбелі туындылар қоғамның сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын, философиясын жинақтайды. Бұл шығармалардың лиро-эпос деп аталуының мәні сонда жатыр. ... Дейді орындаушы ақын өзінің кіріспе сөзінде. «Қыз Жібек» дастанының тілі бай екені, композициясы тыңдаушыны қызықтырып отырарлық болып шебер құрылғаны шығарманың басталуынан байқалады. Жырдағы адамдардың мінезінен, әрекетінен көшпелі тұрмыстың шаруашылық, көп әдет-ғұрпын, түрлі нанымдарын көреміз.бұл мотивтер жырдың сюжетіне нық байланысты болып келіп, тартыс оқиғаларын көп өрнек, кестелермен түрлендіріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет