118.Тарихи жырлардың нұсқалылығы. Эпос пен тарихи жырдың сабақтастығы, ерекшелігі Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдердің зерттелу мәселесі ХХ ғасырдың басындақолға алынып, көптеген ғалым-зерттеушілерхалқымыздың ауызша тараған өлең-жыр, дастандарын мұрағаттардың сақтамақорынан жарыққа шығарды. Тарихикезеңдер шындығын беруде халық ауызәдебиетіміздің қайнар бұлағы болған тарихиөлеңдерден қазақ халқының басынан кешкен«Ақтабан шұбырынды…» заманы мен «азаттық жолындағы күрес» оқиғаларытарихи шығармаларға арқау болғандығынкөреміз. Тарихи өлеңдерден халықтыңқалыптасу, даму тарихымен тығызбайланысты екенін аңғарамыз.
Едіге Тұрсынов «Тарихи жыр, өлеңдердіңтегі мен дамуы» атты мақаласында тарихижырлардың қалыптасу эволюциясы сөзболып, автор екі жанрды бірлікте қарайды. Оған дәлел: тарихи жыр мен тарихи өлеңгеарқау болған тақырыптың бірлігі, халықтыңбасынан өткерген қайғы-қасіреті мен мұң-қайғысының тарихи өлең мен тарихи жырдаорын алуы екі жанрдың тұтастығынкөрсетеді. Тарихи өлеңдердің ертедәуірден бізге жеткені ел-жұртпен қоштасу, атамекенді жоқтау, халықтың көсемдері мен батырларын мадақтау түрінде кездеседі. Қазақ халқына байланысты туған тарихиөлеңдер Қазақ хандығының кезеңіненбасталады. Тәуелсіздік жолындағы күрес ісішын мәнінде тарихи өлеңдерден бастауалады. Тарихи өлеңдердің негізгі арқауы ел мен жердің азаттығы, халықтың арманы мен мұраты болып отырады. Тарихи жырда ерлік мәселесі кең көлемдеалынып, азаттық жолындағы қаһарманныңбейнесі сомдалады.
Тарихи өлеңде жалпы халықтың мұң-зары, қайғы-қасіреті, салт-дәстүрі, заман тудырғаналасапыран оқиға негізінде бейнеленеді.
Тарихи жыр мен тарихи өлеңнің бастыайырмашылығы осыдан көрінеді. Тарихиөлеңді айтушылар оқиғаны көзбен көріп, көңілмен сезген сөз сүлейлері болған. Тарихи өлеңдер лирикалық өлеңгежатпайды. Себебі тарихи өлеңдер қоғамөмірінің әр кезеңінде жедел туып, халықтыңмақсат-мүддесіне сай қызмет етіп, тарихиоқиғаны дәлме-дәл беруі жағынан эпикалықтүрге жатады.
119.«Абылай хан», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр» тарихи жырлары. «Ер Қабанбай» — тарихи жыр.Қазақхалқының дарабоз батыры ҚаракерейҚабанбай (шын аты — Ерасыл) туралыжырлар 18 ғасырда туып, 19 ғасырда хатқатүсе бастаған. «Ер Қабанбай» жырыныңертеректегі қолжазбалары Санкт-Петербург (Березин мұрағаты), Омбы (Потанин мұрағаты), Қазан (Қазан университеті қоры, Б. Тәуекелұлы өткізген) қалаларындасақталған. Қабанбай батыр туралыжырлардың кейінірек жазылып алынғанмәтіндерінің саны оннан асады.
Жырларды сақтап жеткізушілер: Қ. Әбжанұлы, Қ. Омарұлы, Н. Байматайұлы, Мергенбаев, Ә. Құрманов, Е. Ахметбеков, Қ. Әділбеков, Т. Магзиев, т. Б. Қабанбай батыр туралы жырлардың көлемділері — «Қабанбай батыр», «Қаракерей Қабанбайбатырдың әңгімесі», «Қисса Қабанбай», «Ер Қабанбай» жырлары.
«Ер Қабанбай» жырының Нұғыман нұсқасы(1936), Потанин нұсқасы (1972) жарықкөрсе, Қ.Әділбеков нұсқасы (1976) күйтабаққа жазылған. Жырдағы оқиғалар үшірі қақтығыс төңірегінде шоғырланған: Қабанбай мен жоңғар батырларының жекпе-жегі, Қабанбай мен Дәулетбай, Қабанбайдыңқайта айналып шапқан жаумен шайқасы. «Ер Қабанбай» жыры Қабанбай батырдың туысыДәулетбайға жорықта алып жүретін ақ туынтапсырып тұрып, «еліңе ие бол, жауыңнансақтан, Қабанбай өлді дегізбе» деп айтқанөсиетімен тү- йінделеді. Қабанбай батырдыңөлімі жырдың шарықтау шегі болыптабылады. Жыр Қабанбай сүйегінің моладанұшып кетуі сияқты аңыздық-мифтіксарынмен аяқталады. Жырда тарихта болғанадамдар есімі мен географиялық атаулар да кездеседі. Бұл жырдың нақты тарихидеректерге негізделгенін дәлелдейді. Жырдың негізгі идеясы — атажұртыныңбостандығын ардақ тұту, туған жердіңтыныштығын қорғау. Қабанбай батыр туралы дастан-жырлардың нұсқаларыОрталық ғылыми кітапхананың қолжазбаларқорында сақтаулы тұр[1].
'“Абылай хан” — тарихи жыр. ЖырғаАбылай ханның балалық, жастық шағы мен ел билеген кезі арқау болған. Авторы белгісіз. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыравтономиялық ауданында тұратын қазақтарарасында кең тараған. Жыр Абылайдыңбалалық шағынан басталып, ер жету, қолбастау, ел билеу жолын көркем баяндапшығады. Абылай хан билеген тұстағы қазақхандығының дәуірлеу тарихы шынайыайшықтармен нанымды суреттеліп, соңыАбылай хан өлімімен аяқталады. Бұлжырдың Абылай туралы мазмұн, сюжет жағынан ұқсас өзге нұсқаларданайырмашылығы — мұнда ханның ата-тегіжырдың кіріспе бөлімінде тәптіштепайтылып, басты кейіпкер — Сабалақ(Әбілмансұр) Төле биден кетіп, Темірбайдеген байға бала болып, оның батасын алғансоң қалмаққа қарсы соғысқа аттанады. “Абылай хан” жырының шыңжаңдық бұлнұсқасы әдеби көркем тілмен жазылған, шытырман оқиғаларға толы, оқырманды тез баурап алады. Жырда сөз болатын оқиғалармен адамдар нақтылы өмірде болған жайлармен тарихи тұлғалар. Шығарма алғаш ретШыңжаң тұрғыны ШериязданСұлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғышрет Қытайдың “Ұлттар” баспасынан жарықкөрген 4-томдықта (1985), одан кейін“Абылай хан” атты кітапта (А., 1993), “Қазақхалық әдебиеті” көптомдығының 1-томында (1995) жарияланған.
Бөгенбай батыр». Бұл тарихи жыр XVII-XVIII ғасырлардығы қазақ пен қалмақарасындағы жаугершілік кезеңінде Абылайхан сарбаздарын басқарған дарынды қолбасықанжығалы қарт Бөгенбай мен оның аталастуыстарының ерлік жорықтарын баяндайды. Жыршысы – үрімжілік ШериязданСұлтанбайұлы.