1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі



бет89/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

Жұмбақ айтысы – айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінен туған. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу ой-санасын кеңейту тілегінен туады. Ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, ой-сананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. Жұмбақ айтысқа түсу үшін, ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ ету еркі бар. Өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете алады. Оны шешу үшін айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын болжай білуі керек. Жұмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі. Жұмбақталатын нәрсенің көпшілігі шындық өмірден алынады.
Айтыстың айрықша дамыған түрі – ақындар айтысы.
Ақындар айтысының бәрі де жұрт бас қосқан ойын-сауық, үлкен жиын, ас тойларда халық алдында орындалады. Шаршы топта сөз сайысына түскен ақындар сөзін сарапқа салып, әділ төрелік айтушы-халық. Сол билік айтушы жұрттың өзі екі дай жарылып, іштей өз елінің намысын қорғаушы ақынның қарсыласына сөз есесін жібермей жеңіп шығуын тілейді. Төрелік айтушылар да, айтысқа түскен ақындар да «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Аталы сөзге арсыз таласады» дейтін қағиданы берік ұстанған.
Айтыстағы саяси-әлеуметтік мәселелер, қоғамдық мәселелердің сыналуы.
Ертедегі айтыстарда халық ақындарының ел билеген бай, болыс, төре, сұлтан, әкімдердің еңбекші елге жасаған зорлық-зомбылығын, парақорлығын әшкере етіп сынға алған. Бүгінгі айтыс жанры сол ежелгі айтыс ақындары салған сара жолмен ел тұрмыс-тіршілігінің жетістіктері мен кемші тұстарын, ел билеуші адамдардың іс-әрекеттерін паш етумен бірге оның олқы тұстарын қатты сынап отырған. Бұл айтыс өнерінде халықтың саяси-әлеуметтік, қоғамдық мәселелерінің жетістігі мен кемшіліктерін сынға алып, түзу жолға салудың сара жолы болған. бір қарағанда тарихи деректер дәлдігі көбірек сақталынады.
129.Салт айтысы мен қазіргі айтыс
Салт айтысы — айтыстың ежелгі түрі. Салт айтысы халықтың әдет-ғұрпы мен сенім-нанымына, күн көріс кәсібіне байланысты қалыптасқан. Салт айтысы белгілі бір әдет-ғұрып негізінде топпен орындалатындықтан, өлең мәтіні жұрттың бәрі жатқа білетіндей жеңіл, аса қарапайым болып көбіне тұрақты қайталаулар негізінде айтылады (“Алып келген базардан қара насыр”, “Қызыл қыршын, замандас, қызыл қыршын”, т.б.). Бәдік пен жар-жар өлеңдері бертін келе өз жанынан өлең шығаратын өнерпаздардың жеке дара айтысына, әзіл қағысуына жол салды. Мұның ең көп тараған түрі — қыз бен жігіт айтысы, ол ұзату тойы мен сан түрлі бас қосу, ойын-сауық үстінде жастардың сыпайы әзіл-қалжыңына құрылып, дәстүрлі бір-бір ауыз өлеңмен қысқа қайырылып отырады.
Жалпы айтқанда, көне айтыс пен бүгінгі айтысты салыстыруда дәстүрге де, жаңашылдыққа да көзіміз шалады. Бұрынғы айтыс көбіне салт-дәстүрдің немесе діни нанымның шеңберінде шектеліп, ақындардың қарапайым сөз қағыстыруы сирек байқалса, қазіргі айтыстардың барлық дені екі ақынның қоғамды, заманды, бүгінгі уақыт пен бұрынғы уақыттың айырмашылықтарын жіктеп, сынаудан болады. Сонымен бірге бұрынғы айтыстар өлең құрылысы жағынан 1-2 шумақты келсе, қазіргі айтыстар шумақ емес, тіпті бірнеше түйдек арқылы жалғасып тауып, дами береді. Қазіргі сахналық айтыстарда көбіне ақындар бірнеше ойын жинақтап, өзінің уақыты келгенде айтады, яғни белгілі бір регламентке бағынады. Бұрынғы айтыстарда ақындар керісінше ой регламентіне, әркімнің сөз қауқарына сүйенген. Сонымен бірге бұрынғы айтыстарда талқыланатын мәселе жалпы тұрмыстық сауалдардан туындаса, қазіргі айтыстарға кесек тақырыптар, ұлт болашағына әсерін тигізетін ірі проблемалар арқау болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет