Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. Әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет,образ.Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді,көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Композиция. Оқиғаның басталуы, өрбуi, аяқталуы-барлығы бiртұтас композицияны құрайды. Тек табиғат немесе адамның көңiл-күйi суреттелсе, бұл да композиция болады. Айталық, Мұхтар Әуезовтің “Көксерек” әңгiмесiндегi оқиға былайша өрбидi: Әкесi алдымен қасқырдың iнiнен қасқырдың бөлтiрiгiн ұстап үйiне әкеледi. Оны Құрмаш асырайды. Әжесi қанша сақтық қылса да, құлақ аспайды, қайта түнде қасына алып жатады. Әуелi Көксерек ауыл иттерiнен ығып жүредi. Кейiн үйiрiне қосылып кетедi. Ауыл малына ауыз сала жүрiп, бiр күнi Құрмашқа тап бередi. Құрмаш ақырында өзi кiшкене кезден баққан жыртқыштың жемтiгi болады. Оқиға соңы Аққасқа ит пен аңшылардың Көксеректi өлтiруiмен тынады. Мiне,бұл - “Көксерек”әнгiмесiнiң композициясы.
Сюжет - адамдардың әрекетiнен, қарым-қатынасынан туындайтын оқиғалар бөлшегi. Композицияның әр элементi сюжет болып есептеледi. ”Балықшы мен балық” ертегiсiндегi кемпiрдiң патша боп үлде мен бүлдеге оранып отыруы, сөйтiп жан-жағына қаһарлана әмiр беруi – бiр сюжет. Балықшының алтын балыққа барып, тілек тілеп, кемпірінің теңіз патшасы болғысы келгендігін баяндауы, одан балықтың теңіз түбіне сүңгіп жоқ болуы-бір сюжет.
141. Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет. Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені тақырып өнер туындысынын ірге тасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процөсі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болайақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді. Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеалы жататыны сөзсіз. Себебі “Әдөбиетші — таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді” (М. Горький). Жазушы өз творчествосымен өмірге үн қосады, үн қосқанда өз табынын мақсат-мүддесіне сай үн қосады. Көркем әдебиеттің жұрт үшін әшейін көңіл көтеру, бой сергіту, “рахаттану құралы емес, адам тіршілігінің заңды жағдайларының бірі” (Л. Толстой) болатын себебі де осында жатыр.