148. Өлең сөз және оның құрылысы: жеті тармақты, сегіз тармақты, он тармақты шумақтар. Поэзияда жеті, сегіз тармақты шумақтар да қолданыла береді. Абайдың “Сегіз аяғы” ұзынды-қысқалы сегіз тармақтан құралған шумақты өзінше қиюластырып, шебер қолданудың тамаша үлгісі.Абайға дейінгі қазақ өлеңінің Шумағы үш түрлі: үш тармақты, төрт тармақты және көп тармақты болды. Абай ежелгі қазақ өлеңінің Ш. түрлерін ұтымды пайдаланумен қатар, он екі өлеңнің Шумағын шебер қиыстырып жаңаша құрған. Олар: «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің», «Бай сейілді», «Ем таба алмай», «Ата-анаға көз қуаныш», «Оспанға», «Бойы бұлғаң», «Қатыны мен Масақбай», «Буынсыз тілің», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Тайға міндік». Абайдың осы елеңдерінің шумақтары сыртқы құрылысы бойынша: алты тармақты, жеті тармақты, сегіз тармақты, тоғыз тармақты түрлерге бөлінеді. Алты елеңін алты тармақты етіп шығарған. Олар: «Қор болды жаным», «Бай сейілді», «Ем таба алмай», «Оспанға», «Бойы бұлғаң», «Қуаты оттай бүр қырып». Олар екі түрлі ұйқас тізбегіне негізделген: -а, -ә, -а, -ә, -б, -б және -а, -а, - ә, -а, -а, -ә. Және төрт елеңін жеті тармақты етіп келтірген.
Абай елеңдеріне Шумақ жүйесіндегі тармақ санының әр түрлілігі, тармақ түзілісіндегі орасан зор айырмашылықтар, яғни, ұзынды-қысқалы болып келуі, ұйқасушы буындардың әр қилылығы, ұйқастың орналасуы, үндесу тәртібіндегі өзгеше өзгерістер, еркін құбылулар тұтастай тән. Шумақ түзілісіндегі айнымалы суреттер ұйқас өріміне сәйкес соны қиысу тәсілдері, әуен сез алуандылығы, сездің мағыналық қуаты, кестелі-әсерлілік өткірлігі - өлеңнің көркемдік мазмұнымен, ақынның ішкі ой-сезім толқындарымен, суреткерлік қабілетімен, дархан дарын болмысымен сабақтас.
149. Ауыз әдебиетіндегі өлең ұйқастары: қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас.
Ұйқас — өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді.