1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Ал Сарыбаспен, Досмағанбетпен Айтыстары да сюжеттік мотиві кең



бет98/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

Ал Сарыбаспен, Досмағанбетпен Айтыстары да сюжеттік мотиві кең. Ол сүре Айтыс. Мұнда жеке батырлардың жорығы да, ел тарихының шежіресі де, тарихы аңыз, оқиғалар да, қоғамдық өмірдің шындық бейнесі де, әралуан адамдардың образы да таратылып, айқын жырланған. Себебі Жамбыл Айтыстарын әрі Айтыс ретінде, әрі сюжетті дастан ретінде тану қажет. Үлкен бір жиында тоғыз ақынды бірдей жеңіп, өзіне тең келетін ақын жоқтығын айтып, тасып отырады. Осы елде Жамбыл деген ақын бар дейді, маған соны шақырып келтір деп тілек білдіреді. Сол сияқты Жамбыл да, Сүйімбай, Шөжедей бергі ақындық дәстүрді, өзі сол жолды қуған алып екендігін айтып, Досмағамбетті Айтысқа шақырады. Сол Айтыста Досмағамбет Жамбылға қарап өзін таудан аққан бұлақтай сөзі мол, тұлпар аттай жүйрік ақынмын, байлығым, салтанатым сенің аймағыңды он орап алады, Қолдай, Маман, Желдібайлар байларым бар, маған теңі келер жерің жоқ, елің де, өзің де қу кедей, киер киімің жоқ, келер жерің жоқ, ішер асқа жарымай, өлеңмен қайыр тілеп, күн көріп жүрген қойдың кәпірі азбанындай ақынсың – деп соқтығады.
Сонда Жамбыл: оған қарсы шығады. Өлеңнің асау теңіздей нажағайдай оқ боп атылатын сөзім бар ақынмын, апшыңды қуырып, алды-артыңды орап алайын, елді қорғаған батырың қайда? Еліме шапқан жауға қара түнек орнатып, қару жарағын асынып, Алатауға қарай асынған Қарасайдай ерлерің жоқ, немен мақтанасың? Өзіңе бір тиындық пайдасы жоқ, тайын мінуге бермейтін байды несіне мақтадың. Сенің молдалығың да байға сатулы – деп айқасады. Тарихи елдерді жырлау идеясы Сарыбаспен Айтысуда тереңдей түседі.
Көп Айтыстың ішінен сынаулылары ғана Совет жылдарында ақынның өз айтуынан хатқа түскен. Ақын жастау кезінде Айкүміспен, Бөлектің қызымен қысқа қайым Айтысқа түскен. Кейініректегі көлемді де сөз сайыстары: «Жамбыл мен Құлмамбет» (1897 ж.) «Жамбыл мен Сарыбас ақын» (1885 ж.), «Жамбыл мен Досмағамбет» (1907 ж.), «Жамбыл мен Шашубай» (1909 ж.) жұртшылыққа кеңінен мәлім. Сара ақынмен қағысу (1875 ж.), Майкөтпен дидарласу (1891 ж.), Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны (1890 ж.), Жамбыл мен Бөлтірік (1890 ж.) – бұлардың бәрі де төкпе ақындықтың тамаша үлгілері қатарына қосылады. Сонымен Жамбылдың Айтыстарында ерлікті жырлау, мотиві белгілі бір даму жолдарымен келіп, зор батырлық дастан жасауға негіз болады. Басқа ақындар Айтысындай Жамбыл Айтысында лирикалық эпос элементі аз, ақын мен ақын арасындағы жеке сынасу. Полимикада шиеленесі Айтыстың жеңу, жеңілуін анықтамайды, мұндағы Айтыстарда тарихи қоғам өмірінің шындығы, ондаға ерлік күрестің сырлары ашылып жырланады, еңбекші халықтың тәуелсіздік, азаттық жолындағы күресі, батырлардың образы дараланып көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет