1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Халық ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: сарказм, әсірелеу, литота, арнау, анафора



бет107/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

145. Халық ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: сарказм, әсірелеу, литота, арнау, анафора.
Сарказм (гр. sarkasmos — ащы мысқыл, жанға батыру) — күлкі етудің бір түрі, зілді кекесінмен әжуалау. Құрылымы жағынан иронияның ұлғайған түрі. Иронияда зілсіз, көбіне іштарта әжуалау басым болса, Сарказмда ол шарықтау шегіне жетіп, батыл, ашық әшкерелеуге көшеді. Сарказм көне грек әдебиетінен бүгінге дейінгі сатиралық шығармалардың көпшілігінде кездеседі, әсіресе ауыз әдебиетінде молынан ұшырасады. Қожанасыр туралы әңгімелер иронияға негізделсе, Алдар Көсе жайындағы әңгімелер ащы мысқылға, уытты кекесінге құрылған. Ақындар айтыста қарсыласын ащы мысқылмен кекетіп, келемеждеу, жігерін жасыту мақсатында Сарказмды қолданған. Махамбеттің, Шернияздың өлеңдеріндегі өткір де уытты кекесіннен, ашықтан-ашық шенеп-мінеуден Сарказм айқын көрінеді. Абай өлеңдерінде ирониядан гөрі Сарказм басым көрінеді.
Әсірелеу-көркем шығармаларда батырлар жырында, ертегі-лерде, ауызекі сөйлеуде нәрсені әдеттегіден, қалыпты жағдайынан тым ұлғайтып суреттеуді гипербола немесе әсірелеу дейді. Ол шығарма көркемдігін арттырып, оқырманға тигізер әсерін күшейтетін тәсіл. Мыс., «Қара арғымақ арыса,қарғаадым жер мұң болар» (мақал),»Астындағы бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп…» («Қобыланды батыр),Ә. ақын-жыршылар шығармаларында да жиі қолданылған. «Аққан жасы сел болған. Етегі толып. көл болған…» (Дулат) сынды айшықгы шумақтар осының айғағы. Ә. жазба ақындар шығарм-ғында да қолданылады, бірақ оның сапасы, жасалу түрлері басқаша болып келеді және ауыз әдебиетіндегідей жиі кездесе бермейді. Мысалы:С.Торайғыров: «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам!» -десе Т.Жароков: «Қарыңды қағып -су қылдым, Суыңды сілкіп -бу қылдым. Түтініңмен таң атқыздым. Жерімежұлдыз жаққыздым…», -деп жырлайды. Осының екеуінде де Ә. бар.
Литота (гр. λιτότης - қарапайым, қораш), немесе кішірейту — заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырларында, өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Мысалы, "От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты" ("Ер Тарғын"). Литотаның мақсаты - тосын әсер туғызу. Мысалы, "Қайныма қарға мініп ұрын бардым" (өтірік өлең). Қазіргі қазақ әдебиетінде литота өтірік өлең айтысында қолданылып жүр.
Мысалы:
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Күлтеленген құйрықтан
Бір тұтамы қалыпты.
(«Тарғын» жырынан)
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.
Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”). Жарлай арнау - ақынның жеке адамға емес жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
(Абай Құнанбайұлы )
Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады. Сұрай арнау - ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды?
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды?
(Ә.Есмамбетов)
Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде де зарлай арнау ерекше орын алады: “Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!” (М.Жұмабаев). Арнау өлеңнің сарай ақындарының мәнеріне тән құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Мұндай Арнау өлеңдер көркемдік қуаты, ой-толғамы жағынан кем соғып жатады. Абай Арнау өлеңді жаңа сатыға көтеріп, мазмұн және түр жағынан байытты. Абайдың “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай”, “Сорлы Көкбай жылайды”, “Бұралып тұрып”, т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындылар.
Зарлай арнау үлгісі:
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны шарласам,
Саңлағымды табам ба?
(Жамбыл Жабаев)
Анафора (әдепкі қайталау) – өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың ылғи бір сөзбен басталып, қайталана беруі.
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел,жел ұмытпас. (М.Жұмабаев)
Алғашқы сөздің қайталану түрі:
«Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузынақан қатты.
Жағдайсыз қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан.»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет