1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Көне​эпос​.Қаһармандық эпос.Лиро-​эпостық ​жырлардың​көпнұсқалылығы



бет57/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   112
Байланысты:
1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі-emirsaba.org

77.Көне​эпос​.Қаһармандық эпос.Лиро-​эпостық ​жырлардың​көпнұсқалылығы.
Батырлар жыры. Қазақ халқының көне эпостық жырларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Таргын», «Қамбар батыр» жатады. Ел жадында батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді. Рулар арасындағы әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпостың жырларында дәріптелмейді. Елін, жерін қоргауга, халықты басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалган батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады. Қобыланды — қыпшақ елінің, Алпамыс — қоңырат жұртының, Ер Тарғын — бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен белгілі болған. Батырлық жырларындағы қазақтың негізгі жаулары — қызылбастар, қалмақтар. Қызылбастар-түркі жұрттары сонау ерте заманнан қақтығысып келген Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы иран тектес халықтар да, қалмақтар — жоңғар- моңғол тектес халық. Мұрын жыраудан жазылып алынған жырларда ғана бір ындыс деп аталатын жұрт тарихта нақты белгісіз, индус болуы мүмкін. Өйткені Қушан, Моғолстан заманында түркілер үнділермен де қақтығысқан болуы мүмкін. Қахармандық эпос: Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан- жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2]Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Лиро эпостық жырлардың көпнұсқалылғы: Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес. Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір- бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан-ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет