90. Шешендік сөздердің эстетикалық, тәрбиелік мәні-маңызы.
Қазіргі шешендік стиль - сөз арқылы тәрбиелеу тәсілі.
Қазіргі шешен сөздерінің тақырыбы, нақты мазмұны мен айтылу тәсілдері жағынан әлдеқайда өзгеше келеді және шешен түрде сөйлеушілердің топтары лекторлар, үгіт - насихатшылар, оқытушылар т.б. көбейген сайын, шешендік сөздердің ажыратылуы да ұлғая түспек.
Шешендік сөздің әлеуметтік мәні - мәңгілік. Функционалдық стильдердің қай - қайсысында да шешендік сөз өнерін пайдалануға болады. шешендік сөз барлық стильдің ауызша түрінде қолданылады.
Әсіресе, ол публистикалық стильде айрықша көрінеді: саяси - әлеуметтік, саяси - экономикалық, оқу - тәрбие мәжілістерінде, әртүрлі конференцияларда, көпшілікке арналған саналуан алқалы жиындарда, әскери - патриоттық, маслихаттық отырыстарда, парламентте сөйлеген сөздерде т.б. қолданылады.
Сондай -ақ ғылыми стильдің жанрларында, атап айтқанда: жоғары оқу орындарындағы лекцияларда, ғылыми мәжілістердегі пікірталас, зерделі ой - сұхбатында, ғылыми басқосуларда, кездесулерде, алқалы жиындарда пайдалынады.
Егер де жастар шешендік сөздерді зейін қойып оқыса, қазақ халқының рухын көтеріп, қазіргі замандағы әртүрлі жағымсыз әрекеттер болмас еді. Өйткені шешендік сөздер - халқымыздың адамгершілік, ұлттық тәрбие берудегі тиімді жолдарының бірі. Ендеше, біз халық жадынан жеткен шешен, ғибрат сөздерге үлкен құрметпен қарап, оның терең мағынасын танып өскеніміз абзал.
91. Лирикалық өлеңдер. Лирикалық өлеңдердегі халықтың эстетикалық дүниетанымы.
Лирика туралы түсінік.
Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезімін астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма. Ол әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан әдебиеттанудың дәстүрлі үш тегінің бірі.
Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады және автордың немесе кейіпкердің дүниеге көзқарасы мен сезімі, ойы мен көңіл-күйі суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басым болады. Лирика – дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі.Лирикалық өлеңдер халық ауыз әдебиетінен басталған. Қазақ лирикасының бастаулары той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташар тұрмыс-салт өлеңдерінде айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |