116. Тарихижырлардың тілі мен поэтикасы, көркемділігі, тақырыптық-идеялылығы. Тарихи жырлардың тілі мен поэтикасы, көркемділігі, тақырыптық-идеялылығы.
Біріншіден, тарихи жырлардың белгілі біркезеңінде туып, сол дәуірдің жемісіболғандығын, тарихта болған әлеуметтікоқиғалардың адамзат мәдениетімен даму жолымен танылады.
Екіншіден, тарихи жырлар адам тіршілігіментікелей байланысты, оның болмысының бірбөлшегі. Сол себепті тарихи жырлар адамөмірін бейнелейді, тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, салт санасынан мәлімет береді.
Үшіншіден, тарихи жырлар тарихиоқиғаларға тікелей де, жанама да байланысты болады. Фольклордағы тарихижырлар халық тарихындағы маңыздыоқиғаларды қамтып, негізге алып, жаңашығармалар туындатады, тарихи тұлғаларжайында әңгімелейді, оларды көркем әдіспендәріптейді.
Төртіншіден, тарихи жырлар халықтыңтарихқа қатысын, көзқарасын танытады, маңызды оқиғалар мен көрнектіқайраткерлерге берген халықтың бағасын, сол арқылы халық нені армандағанын, қандай батырды көксегенін көрсетеді.
Бесіншіден, тарихи жырлар әр дәуірге, қоғамөміріне сәйкес өзгеріп, тарихи тұтастануданөтіп отырады. Соның нәтижесіндежанрлардың трансформациясы жүзеге асыпотырады.
117.Тарихи жырлардың көркемділігі. Бейнелеу тәсілдері. Композициясы. Тарихи өлеңдер өз бастауын тым ертедегітүркі тектес халықтар бірлестігі, Алтын Орда, Ноғайлы кезеңі, Қазақ хандығыныңқұрылуы, қалыптасуы халық басына түскеналасапыран оқиғалардан бастау алады. Тарихи өлеңдер белгілі бір дәуір тұсындағыел күйзелісін, ашу-ызасын, мұң-шерін т.б. толық ашып берді.
Қазақ фольклорының бір саласы болыптанылған тарихи өлеңдер туралы алғашМұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы» (1927) еңбегінде халық ауыз әдебиетіндегі тарихиөлеңдер туралы ойлы пікір айтады.
Академик М.Әуезов: «Ел ескілігінің біралуаны тарихи өлеңдер», - дей отырып, «Тарихт өлеңдер ең алдымен ел тіршілігіндеанық болып өткен тарихи оқиғадан туады» - деуі қисынды айтылған. М.Әуезов сөзіменайтқанда: «Қоғам дамуындағы бір ұлттыңхалық, ел болып қалыптасқан кезінде басынақиын-қыстау күн туғанда әлеуметтікжағдайға қатысты жедел туып, ұлттыңоқиғаға көзқарасын, көңіл-күйін, арман-тілегін дәлме-дәл халықтық ой-танымынайғақтайтын «тарихи өлеңдер» руханиқазынамыз болып табылады