121.ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы «Сұраншы батыр», «Исатай-Махамбет» тарихи жырлары.
Сұраншы батыр– тарихи жыр.Қоқан хандығының Жетісу қазақтарына жасаған зорлығына қарсы бас көтерген Сұраншы батыр ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз–әңгімелер топтамасы.Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлышығарған «Сұраншы батыр» жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген қарияның айтуынан жазылып алынды.
Сұраншы(1815 – 1864) – батыр. Ұлы жүз шапырашты ішінде есқожа руынан. Арғы атасы – Қарасай батыр. 1848 – 60 жылдары Қоқан билеушілерінің Жетісу басып кіруіне қарсы күресті. 1864 – 65 жылдары Ресей әскері сапында Ұзынағаштан Сайрамға дейінгі қазақ ауылдарын азат етуге қаты "Сұраншы батыр" тарихи жыр. Қоқан хандығынын Жетісу казақтарына жасаған зорлығына қарсы бас котерген Сұраншы батыр ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз-әңгімелер топтамасы. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған алғашқы "Сұраншы батыр" жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген карияның айтуынан жазылып алынды. Жыр нұсқасы толык болмағанына қарамастан Сұраншының Сайрам түбіндегі соғысы "Сайрам деген қаланың, Жасы менен кәрісін Жау қолынан босатқан" деген жыр жолдары арқылы накышталып, батыр ерлігі тарихи оқиға ізімен баяндалады да, "Қарасайлап" ұран сап, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза табуымен аяқталады. Жамбылдың айтуынан естіген Тәпеке Жарықбасов айтқан "Сұраншы батырдың бала шағы" атты әңгімесінде батыр шыккан Шапырашты руының Сұраншыға дейінгі шежіресі таратылып, Саурық батыр өлгеннен кейін қырғыз Орман ханның елді талап, күйзеліске үшыратуы, оған қарсы Сұраншы батыр бастаған жігіттер аттанып, халык кегін қайтаруы сөз болады.
<<Исатай - Махамбет>> - тарихи жыр. Авторы - Ығыпман Шөреков. 1925 жылы дастанның 1-бөлімі жарық көрген. Онда 1836-38 жылы Кіші жүз елінде хан-сұлтандар мен би-болыстарға қарсы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі суреттелген. Поэма Исатайды таныстырудан басталады, арғы- бергі ата-бабаларын тізеді, жаз жайлау, қыс қыс- тау қоныстарын атайды, батырдың кара басын сипаттайды. Ақын көтерілістің барлық оқиғаларын шетінен жіпке тізбей, шешуші кезеңдерін іріктеп алған. Жырда Махамбетке аз орын берілген, ол үш-ақ жерде көрінеді, ал Исатай образы нағыз халық көсемі тұлғасыңда, әділ, адал, ержүрек батыр, халық қамын ойлаған азамат ретінде сомдапған. Әуезов «Әдебиет тарихы» деп аталатын зерттеу еңбегінде « Исатай - Махамбет» поэмасына зор баға берген: «өмірде анық болған оқиға көмескісіз, күңгіртсіз, айнаға түскендей, ашық түскен» деп, ел өмірі мен тірлігінің реалистікпен шынайы көрініс тапқанына сүйсіне ниет білдірген. Ұлы жазушы одан әрі: «Ақын жыры - тарихта ізі қалған жыр, анық оқиғаның дәл өзінен туған шындық, тазалыкпен айтылады» деп, жырдың нағыз тарихи туынды екенін айғақтаған.
Достарыңызбен бөлісу: |