125. Халық ауыз әдебиетіндегі айтыс жанрының зерттелу тарихы. Айтыс өнерінің зерттелуі.
Қазақтың айтыс өлендері жайында үлкенді-кішілі зерттеу еңбектер жазған С.Мұқанов, М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин тағы басқа зерттеушілер айтыс деген сөзді бірнеше мағынада қолданылған. Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған. Айтыс қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. Әдебиет саласында және әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да — осы өлең түрінде айтылған айтыстар. Айтыстың әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлең-түрлерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түргс бөлуге болады. Біріншісі - халықтың тұрмыс-тіршілігінс, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі - шын мәніндегі ақындар айтысы. Соңғысы қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады. Айтыс өлеңдерінің ішінде ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделісі, көркемдік жағынан әдемілері - ақындар айтысы. Қазақтың айтыс өлеңдерін зерттегсн әдебиетші-ғалымдардын айтуына қарағанда, шын мәніндегі үлкен ақындар айтысы, мөлшермен алғанда он тоғызыншы ғасырда туған.
126.Айтысты мазмұны мен тақырыбына,түріне қарай жіктеу Айтыс табиғи дамуына, тақырыбына, көркемдік ерекшеліктеріне, мақсаты мен міндетіне қарай отандық ғылымда төмендегідей түрлерге жіктеліп келгені әзірге белгілі:
1.Әдет-ғұрып айтысы: Бәдік айтысы, Өлі мен тірінің айтысы, Жар-жар, Қыз бен жігіт айтысы (Қайымдасу), Қағысулар үлгісіндегі айтыстар.
2.Ақындар айтысы: Ру айтысы, Жұмбақ айтыс, Дін айтысы, Жазба айтыс, Қазіргі күнгі айтыс (Телевизиялық айтыс).
Әдет-салт айтысы топтық түрде, қандай бір рәсімді атқару мақсатында, жаттанды өлеңді, дағдылы әуенмен жікке бөлінген екі тарап алма-кезек хормен орындау арқылы жүзеге асады. Бұл туралы М.Әуезов «Бұл алуандас әдет-салт айтысы, көбінесе, өнер жарыстыру айтысы емес, тек дағдылы жолды атқару (жар-жар), ырым, наным бойынша ем-домға арнап айту (бәдік) ретінде ғана орындалады. Ондай айтыстардың өлең сөздері де көбінше ауыздан-ауызға көшіп жүретін жаттанды сөздер болады. Сондықтан, әдет-салт айтыстарында «жеңу», «жеңілу» сияқты қорытындылар болмайды. Және өзге өнер жарысының айтысындай бір жаққа екінші жақтың жол беруі, бәйге тартуы болмайды»,- деп жазады.