Фольклор және музыка.Ежелден жігі айырылмай, дамыған бүл екеуі бүгінгі таңда да ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Олар этнос мәдениетінің алтын діңгегі болып қала береді. Өйткені қазір көпжанрлы, көпсалалы профессионалды музыка өзінің өмірге келуімен ең әуелі халық әніне қарыздар, халық биіне борышты. Осы күнгі опера, балет сияқты өнеріміздің шыңы, сондай-ақ көптеген симфония мен ораторилер фольклорды тікелей де, жөндеп те пайдаланғаны белгілі. Ертеден келе жатқан фольклорлық сюжеттер мен әуендер әлі де профессионалды музыка мен эстрада сазын байытып келеді. Ал,дәстүрлі халық күйлері мен соған байланысты аңыздар – ұлттық мәдениетіміздің ерекше түрі, олар бүгінгі музыкаға зор әсерін тигізуде.