1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Фольклордың танымдық, тәрбиелік, эстетикалық құндылығы



бет9/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

9. Фольклордың танымдық, тәрбиелік, эстетикалық құндылығы.

Ал фольклор- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тəсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы. Қазақ халқының мəдени жəне рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дəстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі. Егер фольклористика ғылымының тарихи қалыптасуына көз жіберетін болсақ онда оның дамуы мен өсу жолы шартты түрде 3  кезеңге бөлінеді.

«Фольклордың қай туындысын алсақта ғибрат айтарлық , жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік қасиеті мол.  Мұның бəрі де халық пікірі, келешек ұрпақты тəрбиелеудің эстетикалық  құралы деп тануды қажет етеді. Өйткені, көркемдіктен лəззат алу, əсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық мəдениетке бастап, жамандықтан жирендіріп отыру- халықтың талап-талғамының жемісі, сыншылдық көзқарасының нышандары»,- деп жазушы Т.Кəкішов фольклор жанрларының жастар тəрбиесіндегі маңызын ашып көрсетеді. Егемендігімізді алғаннан кейін 1992 жылы баланың жеке тұлғасын, халқымыздың асыл мұрасы қазақ фольклорын, дəстүрін құрметтеу, елін-жерін сүю, адамгершілік жəне эстетикалық сезім əрекеттерін бекіту мақсатында тұжырымдама жасалды.

Академик –жазушы М.Əуезов: «Біз ауыз əдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы  Отаншылдық   сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, эстетикалық мəдениет пен рухани байлықты сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау-арманын, əдет-ғұрпын, халық тəрбиесінің жемісін көреміз»,- деп балалар фольклорының тəрбиелік мəнін айқын ашып береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет