1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет



бет135/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

141. Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет.

Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені тақырып өнер туындысынын ірге тасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процөсі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болайақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді. Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеалы жататыны сөзсіз. Себебі “Әдөбиетші — таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді” (М. Горький). Жазушы өз творчествосымен өмірге үн қосады, үн қосқанда өз табынын мақсат-мүддесіне сай үн қосады. Көркем әдебиеттің жұрт үшін әшейін көңіл көтеру, бой сергіту, “рахаттану құралы емес, адам тіршілігінің заңды жағдайларының бірі” (Л. Толстой) болатын себебі де осында жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет