1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Көне эпоста ертедегі аңшылық өмірдің суреттелуі



бет62/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

69.Көне эпоста ертедегі аңшылық өмірдің суреттелуі.



Көне эпостағы кейіпкердің шаруашылық негізі, әлеуметтік ортасы аңшылықпен күн көрген мерген болады. Эпос­тағы мерген бейнесі – ертегілік сарын­нан, ерте замандағы аңшылық кәсіптен қалған жұрнақ. Көне эпоста мифтік сарын, ескі өмірдің елесі басым екендігі даусыз. «Бұл шығармалардың басты қаһармандары таңғажайып оқиғаларға кездесіп, жердің асты-үстін шарлап, алдына қойған мақсат-мүддесін іске асырудың жолын іздейді, сол үшін бар күшін сарп етеді. Құламерген мен Жоямерген арамдыққа, зұлымдыққа қарсы тұрып, жарқын өмір үшін бел буып, күреске шығады» . Әдетте көне эпоспен салыстырғанда, қазақтың батырлық жырларының денінде эпос қаһарманының әке-шешесін, ел-жұр­тын, туып-өскен мекенін, сән-салтанатын, ағыл-тегіл байлығын, ақтылы қойын, алалы жылқысын, мыңғырып жатқан қисапсыз малын суреттеу кең көлемде жырланады. Бір сөзбен айтқанда, көне эпоста эпикалық баян­даудың шарттылығы кемшін. Ол ер­те­гілік сипатқа жақынырақ. Айталық, «Қобыландыда» (барлық нұсқалары), «Ал­памыста» (барлық нұсқалары), «Құбығұлда» (Н.Байғанин нұсқасы), «Қарабекте» (Бітім­баев нұсқасы), «Шора батырда» (Ди­баев нұсқасы), «Ер Сайында» (Радлов, Бай­тұр­сынов нұсқалары) батырдың руы, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі, туған-туыстары да тегіс ай­тылады. Жырдағы оқиғалардың орналасу тәртібі бойынша, байланыссыз ситуация өр­бімек емес. Экспозициядағы тыныштық қалып бұзылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет