1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 Қазақ батырлық жырлары, олардың поэтикалық ерекшеліктері



бет65/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

72. Қазақ батырлық жырлары, олардың поэтикалық ерекшеліктері

 

Қазақ батырлық жырларының шығуы мен зерттелуі



   Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ батырлық жырларының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктері мен пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

    1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі қазақ батырлық жырларын атау үшін қолданды. Оған дәлел “Ергенеқон”,  “Аттилла,  “Ер Төстік“ т.б. мергендер туралы батырлық жырлары бар.

    2) Тарихи кезеңдердің батырлық жырлары: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі жырлар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).

3) Жаңа дәуірдегі батырлық жырлар (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”).

    Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты және рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты.

20 ғасырдың 1960-шы жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Т.Сыдықов, С.Садырбаев, Қ.Сыдиықов, С.Қасқабасов, О.Нұрмағамбетов, Ш.Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлес қосты. Ғалымдардың еңбектерінде батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты қарастырылды. 

    Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсерін зерттеу еңбектерінде айқын көрсетті. Атап айтқанда, батырлық жырлар сюжетінің негізінде Ж.Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған.

    Драматургия саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж.Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е.Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е.Рахмадиев) опералары қосылды, Қазақфильімінде “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.

 

Қазақ батырлар жырларының тілі мен поэтикасы



 

    Батырлық жырларға қатысты сөз қозғаған А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов зерттеу еңбектерінде эпитетке қатысты пікірлер айтылған. Батырлық жырларға кеңірек орын берілген «Қазақ әдебиеті тарихы» және белгілі ғалымдар Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Т.Сыдықов, Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеулерінде эпитеттер мен теңеулерге байланысты тұжырымдар орын алған. Бұл батырлық жырлардағы тіл өрнегі терең қарастырылған поэтикаға қатысты зерттеулер. Бұны белгілі «Қобыланды батыр» жырының поэтикасы жөніндегі О.Нұрмағанбетованың және «Батырлық жырлардың поэтикасын» тереңдей зерттеген Ш.Ыбыраевтың еңбектері дәлелдейді.

Қазақ батырлар жырлары қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Қазақ батырлар жырлары тақырыбының бірі және бастысы - адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Қазақ батырлар жырларында көзге елестетіп берілетін образдау тән. 

    Қазақ батырлар жырлары қазақ жырларының бұрынғы көркемдік дүниесі ғана емес, жаңа кезеңінің, классикалық жазба түрінің бастамасы, кейінге жол салған үлгісі болды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет