93. Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыптарда болуы.
Лирикалық өлеңдердің тақырыптары.
Лирика- көркем әдебиеттің негізге саласының, жанрының бірі, басты
ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды қуат-күш дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім.
94. Қара өлең мен тарихи өлеңдердің идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең түрі. Қара өлең 11 буын, 4 тармақ, а-а-б-а түрінде келеді. Қара өлең әнге салып айтуға ыңғайлы. Әннің ырғақ ерекшеліктеріне қарай өлең жолдарындағы бунақтар орнын ауыстырып отырады. Әр шумақта жеке ой жатады.
Қара өлең - халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи даму сатыларына тән көркемдік-эстетикалық талғам-түйсігін, этикалық және философиялық тұжырымын танытады. Көне дәуірлерден бастау алатын қара өлең қазақ халық поэзиясының синкретті өнері.
Тарихи өлеңдердің көркемділігі, бейнелеу әдіс-тәсілі жағынан лирикалық өлеңдерге жақын. Тарихи өлеңдер - ең алдымен ел тіршілігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады. тарихи өлеңдер бастаулары тайпалық, дербес хандықтар мен жеке ел болған кезеңдерде пайда болған. Тарихта болған түрлі ірілі-ұсақты оқиғалар кезеңінде ерлік көрсеткен адамдарды мадақтайтын шағын өлеңдер пайда бола бастаған. Ел басына қатер мен қауіп төніп, өзінің бауыр басқан мекенінен айрылып, жат жерге көшкенде қоштасу, жоқтау, естірту т.б. түріндегі өлеңдер жалпыхалықтың азалы үні мен әніне айналған. Мысалы: Қаратаудың басынан көш келеді.
Халық поэзиясындағы жоқтау, қоштасу, лирикалық өлеңдермен тарихи өлеңдердің өзара қарым-қатынасы бар.
Тарихи өлеңдерді отбасы мен әдет-ғұрып поэзиясына жататын азалау фольклорымен шатастыруға болмайды.
Халық поэзиясында жеке адамның өмірден өтуі, тіршіліктегі тағдыр-талайы айтылса, тарихи өлеңде жалпы халықтың елі мен жеріне деген шынайы махаббаты, қимастық сезім сырлары сипатталады. Тарихи өлеңдердің лирикалық өлеңдермен сабақтастығы осы тұста көрініп, тарихи өлеңдердің әнге айналуынан байланыс-бірлігі танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |