90. Шешендік сөздердің эстетикалық, тәрбиелік мәні-маңызы.
Қазіргі шешендік стиль - сөз арқылы тәрбиелеу тәсілі.
Қазіргі шешен сөздерінің тақырыбы, нақты мазмұны мен айтылу тәсілдері жағынан әлдеқайда өзгеше келеді және шешен түрде сөйлеушілердің топтары лекторлар, үгіт - насихатшылар, оқытушылар т.б. көбейген сайын, шешендік сөздердің ажыратылуы да ұлғая түспек.
Шешендік сөздің әлеуметтік мәні - мәңгілік. Функционалдық стильдердің қай - қайсысында да шешендік сөз өнерін пайдалануға болады. шешендік сөз барлық стильдің ауызша түрінде қолданылады.
Әсіресе, ол публистикалық стильде айрықша көрінеді: саяси - әлеуметтік, саяси - экономикалық, оқу - тәрбие мәжілістерінде, әртүрлі конференцияларда, көпшілікке арналған саналуан алқалы жиындарда, әскери - патриоттық, маслихаттық отырыстарда, парламентте сөйлеген сөздерде т.б. қолданылады.
Сондай -ақ ғылыми стильдің жанрларында, атап айтқанда: жоғары оқу орындарындағы лекцияларда, ғылыми мәжілістердегі пікірталас, зерделі ой - сұхбатында, ғылыми басқосуларда, кездесулерде, алқалы жиындарда пайдалынады.
Егер де жастар шешендік сөздерді зейін қойып оқыса, қазақ халқының рухын көтеріп, қазіргі замандағы әртүрлі жағымсыз әрекеттер болмас еді. Өйткені шешендік сөздер - халқымыздың адамгершілік, ұлттық тәрбие берудегі тиімді жолдарының бірі. Ендеше, біз халық жадынан жеткен шешен, ғибрат сөздерге үлкен құрметпен қарап, оның терең мағынасын танып өскеніміз абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |