1. Функция ұғымы


Тура пропорционалдық, оның қасиеттері және графигі



бет13/16
Дата07.01.2022
өлшемі1,45 Mb.
#18083
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Тура пропорционалдық, оның қасиеттері және графигі
t – жаяу адамның қозғалыс уақыты, s – оның жүрген жолы және ол v км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалыста болсын делік. Сонда v тұрақты болғанда t-ның әрбір мәніне s-тің бір ғана мәні келеді және ол s= v ∙ t формуласымен есептеледі. Сондықтан s= v ∙ t формуласы, тура пропорционалдық, яғни s дегеніміз t-ға тура пропорционал, деп аталатын функцияны анықтап береді.

Анықтама. Тура пропорционалдық деп y=kx формуласыны, мұндағы, x тәуелсіз айнымалы, ал k0 және kєR, көмегімен берілетін функцияны айтады.

Бұл формула айнымалы y-тің айнымалы x-ке тәуелділігін, яғни анымалы y-тің анымалы x-ке тура пропорционал екендігін анықтап береді, мұндағы k – пропорционалдық коэффициент.

Ал y=kx функциясының қасиеттері болады.

1. Оның анықталу облысы нақты сандардың R жиыны.

2. Оның графигі координаталардың басы арқылы өтетін түзу сызық, өйткені x=0, y=0 және k0, kєR. Сонымен бірге, егер k>0 болса, онда түзу I және III координаталық ширектер ақылы өтеді, ал егер k<0 болса, онда II және IY координаталық ширектер арқылы өтеді. Графигі салу үшін бір ғана, мәселен нүктесін табу жеткілікті болып есептеледі.
y y


y=kx (k>0) y=kx (k<0)


x x

3. Егер k>0 болса, x>0 болғанда, онда y>0,

x<0 болғанда, онда y<0.

Егер k<0 болса, x>0 болғанда, онда y<0,

x<0 болғанда, онда y>0.

4. Егер k>0 болса, онда R жиынында өседі, ал k<0 болса, онда кемиді.

5. Егер x және y айнымалылардың мәндері оң сандар болса, онда x айнымалы мәндері бірнеше есе артса y айнымалы мәндері де сонша есе артады, яғни болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет