Қай тіннің жасушаларына зерттеу жүргізілді?
213.Химиялық өндіріс жұмысшылары улы түтінмен дем алатыны белгілі. Сол түтіннің
әсерінен бронхтарындағы біршама кірпікшелі жасушалардың тіршілігінің жойғандығы
анықталды.
Бұл эпителидің регенерациясын қай жасушалар жүзеге асырады?
214.Науқас офтальмологқа шаңды дауыл алаңында ұзақ уақыт тұруынан кейін пайда
болған көздің ауырсынуына шағымданып келді. Дәрігер
қасаң қабықтың алдыңғы
эпителиінің беткей зақымдануын анықтады.
Қай жасушалар беткей эпителидің регенерациясын қамтамасыз етеді?
215.Науқаста мұрын қуысының шырышты қабығының ұзақ қабынуынан кейін эпителий
өзгерістерге ұшыраған.
Мұндай жағдайда көбірек өзгеріске ұшырайтын мұрын қуысының эпителийін анықтаңыз.
216.Науқас травматологиялық пунктке сұқ саусақтың ашық сынығымен келіп қаралды.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Зақымдалған тіндердің қайсысының регенерациясы басқасына қарағанда жылдам іске
асады?
217.Препаратта жасушалары үш қабат түзіп орналасқан эпители й тіні берілген.
Базалді қабаты базалді мембранаға бекінген, жасушалары дөңгелек пішінді. Аралық
қабаты көпбұрышты жасушалардан түзілген. Үстіңгі қабаты бір -, екі- немесе үш
ядросы бар ірі жасушалардан тұрады.
Препаратта эпителий тінінің қай түрі берілген?
218.Тәжірибеде бірқабатты эпителидің базалді мембранасының өткізгіштігі
бұзылған.
Берілген өзгерістің жасушалардың тіршілігіне әсері қандай.
219.Тәжірибеде тері эпителиінің бүтіндігі бұзылған.
Тері эпителиінің қай қабаттарының жасушалары регенерацияны қамтамасыз етеді?
220.Радиация әсерінен тері эпителиінің базалды қабатының жас ушалары
зақымдалған. Эпителидің қандай қызметі бұзылуы мүмкін?
221.Электроннограмада плазмолеммасы бүтін секреторлы жасуша көрінеді.
Апикальді полюсінде секреторлы түйіршіктер орналасқан.
Электроннограмада секреторлы жасушалардың қай түрі берілген.
222.Электроннограммада пішіні цилиндр тәрізді секреторлы жасуша берілген.
Апикалді бөлігінде секреторлы түйіршіктер орналасқан.
Бірнеше жасушалардың
апикалді полюсі өзгеріске ұшырап, бұзылған.Электроннограмада секреторлы
жасушалардың қай түрі берілген.
223.Препаратта жасушаларының полярлық қасиеті бар, базалді мембранада орналасып,
пласт түзетін тін берілген. Жасушаларының арасында жасушааралық заты және қан
тамырлары жоқ. Берілген сипаттама қай тінге сәйкес келеді.
224.Зерттеуге гематоксилин-эозинмен боялған көп қабатты эпителий берілген.
Қабаттарының бірі пішіні сопақша тәрізді, цитоплазмасында базофилді түйіршіктері бар
жасушалардан түрады. Гистологиялық препаратта зерттелген эпителий қабатын
анықтаңыз.
239. А әріпімен белгіленген бездің түрі
240. Б әріпімен белгіленген бездің түрі
241. В әріпімен белгіленген бездің түрі
Достарыңызбен бөлісу: