1. Грам оң кокктар Стафилакокктар: S. aureus таза дақылының жағындысы,Грам бойынша бояу,қанды агар Морфологиялық қасиеті



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата10.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#66822
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Антигендік қасиеті:стафилококктардың ақуыз,пептидогликан,тейхой қышқылынан,капсуласынан 
тұратын антигендері бар.Түрлік арнайы антигендік қасиет тейхой қышқылымен байланысты боады. 
Резистенттілігі: стафилококктар қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан олар кептіруге тұрақты, 
вируленттілігін жоймайды,құоғақ ыстық әсерінен 2 сағаттан соң жойылады.Олар таза этанолға да 


тұрақты.Басқа антисептиктер мен дезинфекциялық ерітінділер әсеріне сезімтал келеді. 
Стафилакокктар көптеген антибиотиктерге тұрақты болып келеді,себебі плазмидалар қадағалайтын 
бетта-лактамазаның түзілуі. 
 
13.ЕПА және ЕПС 
 
Ет-пептонды сорпа – барлық орталардың ақуыздық негізі болып табылады. Бұл орта сұйық 
қоректік орталардың қатарына жатады.Ол дайын пептон қосылған ет суында дайындалады. Ет-
пептонды сорпаның құрамы 1,5 г/л етті экстракт,5 г/л натрий хлоридінен және дрожды экстракттан 
тұрады.Ал қоректік негізі агар-агар және ет пептоны.Пептон – ақуыздың толық емес қорытылуының 
өнімі, азот пен көміртектің көзі ретінде қолданылады.Ет-пептонды сорпа дайындау үшін ет суына 1 
% пептон мен 0,5 % натрий хлоридын қосады. Ет суын пептонның толық ерігеніне дейін араластыра 
отыра қайнатып, оның рН мөлшерін потенциометрдің көмегімен анықтайды. Қоректік ортаның рН-
ын 10% натрий сілтісінің ерітіндісі немесе натрий гидрокарбонатының (ас содасының) қаныққан 
ертіндісімен 7,4-7,6-ға жеткізеді. Сілтіні сорпаға қосқаннан кейін, оны тағы да 5-10 минут 
қайнатады. Сонан соң сорпаны дистильденген сумен дымқылданған сүзгіш қағаздан өткізеді. Ет-
пептонды сорпаны шыны түтіктерге құйып 1200С температурада 20 минут бойы стерильдейді. 
 
 
Ет-пептонды агар – қоректік орталардың ішінде ең кең таралған,көптеген сикроорганизмдерге 
арналған элективті-универсалды орта.Оның құрамы пептон мен ет экстрактынан тұрады,ал қоректік 
нешізі агар. Ет-пептонды агарды дайындау үшін ЕПС-ға 2-3% агар-агарды қоса отыра балқытады. 
Балқыту кезінде қоректік ортаны агар-агардың күйіп кетпеуі үшін әлсін-әлсін араластырып 
отырады. Балқытылған ЕПА-ын ыстық күйінде тез сүзіп шыны түтіктерге құяды. «Қиғаш» 
қатырылған ЕПА-ды 3-4 мл-ден, ал «тік» қатырылған ЕПА-ды шыны түтіктерге 10 мл-ден құяды. 
Шыны түтіктер тығындармен жабылып 1200С-та 20-30 минут стерильденеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет