29. Қазақстандағы 1936-1938 жылдардағы қуғын-сүргін
1937 жылы БК(б)П ОК-ның И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және тағы басқа айыптар тағылды. Соңғы зерттеу бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1ақпанына дейінгі кезде КСРО-да 3 млн 777мың адамды атужазасына соттап, оың 643 мыңына үкім орындалған,. 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамалып, миллиондаған адамдарды лаге1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |