Каспий теңізінің экологиялық проблемасы. Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор.Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен роөлі бар.
Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды.Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады.Табиғи қорларын игеруде де ,бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынандай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан,негізгі әрекет етуші Капустин Яр,Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,балықтардың қырылуы,уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән итбалықтың мезгіл- мезгіл қырылуы.
Аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Достарыңызбен бөлісу: |