72. Қазақстандағы 2009 ж. халық санағының қорытындысы
2009 жылғы Ұлттық санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқы 16 млн. 9 мың 600 адамды құрады. 2009 жылғы санақтың қорытындысы бойынша қазақтардың үлесі 63,1 пайызды құраған. 1999 жыл өткізілген санақ деректерімен салыстырғанда республика тұрғындары 1 млн. 28 мың адамға көбейіп, 7 пайыз өсім көрсетті. Санақтың соңғы деректеріне сәйкес, елімізде тұрып жатқан халықтардың 1 пайыздан асатындарының ішінде қазақтар саны – 26, өзбектер – 23, ұйғырлар – 6,8 пайызға өскен. Ал орыстардың саны – 15,3, украиндар – 39,1, татарлар – 18, немістер – 49,5 пайызға кеміген. Санақ бойынша Қызылорда облысындағы халықтың 95 пайыздан астам үлесін қазақтар құраса, келесі облыстарда: Маңғыстау — 88,2 пайыз, Ақтөбе — 79,4 пайыз, Оңтүстік Қазақстан — 72,3 пайыз, Батыс Қазақстан мен Жамбыл — 71,4 пайызды құрады. Ұлттық халық санағының нәтижелеріне, Қазақстандағы өзбектердің 87,9 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Ал ұйғырлардың 96 пайызға жуығы Алматы қаласы мен Алматы облысында шоғырланған. Немістердің 70 пайыздан көбі Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай мен Қарағанды облыстарында тұратыны анықталған. Халықтың дін ұстануы туралы сұрақ алғашқы рет 2009ХС санақ парағына енгізілген болатын. Елдегі халықтың 70 пайыздан астамы ислам, ал, халықтың 26,2 пайызы христиан діндерін ұстанады. Қала халқымен салыстырғанда ауыл халқында ислам дінін ұстанатындардың үлесі жоғары, 80 пайызды құраған. Ал, христиан діні қала халқы арасында көбірек таралған, ауыл халқының 34,2 пайызы осы дінді ұстайды. Өңірлер бөлінісінде ислам дінін ұстанатын халықтың үлесі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы және Ақтөбе облыстарында жоғары, олардың үлес салмағы 80 пайыз бен 96 пайыз аралығында. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары халқының 50 пайыздан астамы және Қарағанды мен Павлодар облыстары халқының 40 пайыздан астамы христиан дінін ұстанғандар. Осы екі негізгі діни ұстаным түрлері бойынша ерлер мен әйелдердің үлесі тиісінше қала халқында, сол сияқты ауыл халқында шамамен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |