1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестері. Каталитикалық крекинг және риформинг



бет12/27
Дата18.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#94160
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
ОХТ сессия отв

11.Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестері. Каталитикалық крекинг және риформинг.
Химиялық өндірісте өте үлкен мөлшерде шикізат өңдіріледі және сондай көлемде су, отын, энергия да жұмсалады. Дүние жүзінде Қазақстанның минералды-шикізат қоры алдынғы қатарлы орынды алады. Ал химиялық өндірісте шикізатты пайдаланудың өзінің ерекшеліктері бар. Атап өтейік: 
Біріншіден: шикізат базасының көп варианттылығы, ауылшаруашылық өнімдері,ауа және су,металлургия мен мұнай өңдеу өнімдері.
Екіншіден: әртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі
Үшіншіден: бір шикізаттан әртүрлі өнім алу мүмкіндігі.
Химиялық өнеркәсіп өнімдерін сатылауға болады :
1) Бастапқы зат (шикізат)
2)Аралық өнім (жартылай өнімдер) 
3)Дайын өнімдер
Шикізат деп өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын ең бастапқы табиғи материалдар.
Шикізаттан дайын өнім алу үшін, көптеген процесстерден өткізу керек. Солардың кейбір түрлеріне тоқталамыз. Атап айтсақ крекинг пен риформинг процесстері. 
Крекинг процесі деп жанармай алуда мұнай және оның фракцияларын өңдейтін негізгі термиялық процесін атаймыз. Процесс 470 – 540°С температурада және 4 – 6 МПа қысымда көмірсутектер ыдыратып, изомерлену реакциялары арқылы жүреді. Процесс барысында бензин, сонымен қатар ауыр кокс сияқты қалдықтар және көп мөлшерде газ түзіледі. Реакцияның жылдамдығы, бағыты алынатын өнімнің құрамы бастапқы шикізаттың температураға, қысымға, химиялық құрамына, жылу әсерінің жылдамдығына, қолданылған катализаторға байланысты болып келеді.
Крекингтің түрлері бар: термиялық және катализдік. Ашық түсті мұнай өнімдерін алуда термиялық крекинг жоғары температура (470 – 500С) мен қысымда (5 – 6 МПа) қолданылады.Бұл тәсіл арқылы 25 – 40% бензин алынады, оның ішіндегі октан саны төмен(56-60). Егерде термиялық крекингті күкіртті, шайырлы, жоғары парафинді мұнайда қолдансақ өнімнің сапасы нашар болады. болады. Октанның саны аз, алдизель және керосин жанар майында күкірт көп болып, ауыр қалдықтар 30 – 40% құрайтын болады. Сондықтан бұл жағдайда катализдік крекинг қолданылғаны жөн. Бұл әдісте аты айтып тұрғандай, түрлі катализаторлар қатысында жүреді, процесс 0,4 МПа-ға дейінгі қысымда, 450 – 520С температурада өтеді. Мұнайды, соның ішіндегі, керосин мен газойль фракцияларын катализдік крекинг арқылы өңдейді. Осындай әдіс арқылы октанның саны 80 – 90 болатын бензин алуға болады. 
Екінші тоқталатын процесіміз каталитикалық риформинг немес басқаша хошиістендіру деп аталатын процесс. Ол үлкен көлемді күшейтілген қысымның үлкен көлемді сутектің қатысуымен 5000С температурада жүреді. Бұл жағдай сутектің бөлінуі арқылы және катализаторда қорытқы көмірдің жинақталуы арқылы өтетін хош иісті көмірсутектердің жинақталуындағы кері айналымды реакциялардың өтуін қиындатады. Процессте катализатордың жұмысые алюминийдің оксидіне жалатылған платина атқарады. Себебі оның ерекше қасиеті бар: ол бірнеше айлар бойы өзінің активтігін сақтай отыра, кейін регенерация жолымен қайта алынады. Катализаторлардың арасында хлоры барлары да жетеді. Егерде өнімге активтілігін сақтау керек болса, аз мөлшерде дихлорэтан СlCH2- CH2Cl енгізіледі. Автокөліктерге арналған жанар-жағармайдың сапасын арттыру үшін жанармайды тікелей өндіруде риформинг тәсілі елеулі маңыздылыққа ие. Бұл процесстің ерекшелігіне таза ароматтық көмірсутектерді алуға мүмкіндік туғызуын да, сонымен қатар гидрлеуді өткізуге қажетті сутектің қайнар көзі боп саналады. Бұл процесстің негізінде Кеңес одағының ғалымдары ашып зерттеген реакциялар жатыр. Олар Н.Д.Зелинскийдің нафтенді дегидрлеу және Б.А. Казаский, А. Платэ, Б.Л. Молдовскийлердің дегидроциклизациялау реакциялары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет