1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Су сапасының көрсеткіштері. Судың кермектігі, кермектік түрлері, суды жұмсарту. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су



бет13/27
Дата18.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#94160
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
ОХТ сессия отв

12. Су сапасының көрсеткіштері. Судың кермектігі, кермектік түрлері, суды жұмсарту. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су.
Су сапасы деп - оның көрсеткіштері тұтынушының қажет талаптарын орындайтын яки технологиялық талапқа сәйкес келетін дәрежені айтамыз.Жалпы су сапасының көрсеткіштері адамдардың шаруа қожалықтарында (мысалға алдымен ауыз су ретінде ішуге,сонан соң тамақ, былғары, тоқыма, қағаз өнеркәсіптерінде технологиялық су ретінде пайдалану,сондай-ақ ауылшаруашылығында жердісуаруда)пайдалану секілді мақсатын ескеріп,физикалық, химиялық,сондай-ақ бактериологиялық анализбен анықталатын көрсеткіш жиынтығы болып саналады. Осы көрсеткіштердің ішінде ең маңыздысы болып табылатыны: физикалық жəне химиялық сипаттамалары, яғни судың мөлдірлігі, оның түсі, иісі, температурасы, жалпы тұз мөлшері, су кермектілігі, тотығу шамасы, құрғақ қалдықмөлшері, жалпы сілтілігі, жүзгін заттардың мөлшері жəне су реакциясы (сутек көрсеткіші рН) жатады. Бұл белгі-көрсеткіштер судың құрамында болатынқоспалардың бар әлде жоқ екенін анықтауға көмектеседі.
Су сапасы көрсеткіштері ауыз сумен жабдықтау, тынығу, балық шаруашылығы қажет ететін, ирригация, әр түрлі өнімдер өндіру секілді максаттарда қолданылатын су үшін тағайындалатын нормативтік талап түрінде болады. Тікелей адам тұтынатын судың сапасы мен табиғи суқоймалардағы судың сапасы болып жіктеледі. Cудың кермектігі деп- су құрамында кальций (Са2+) және магний(Мg2+) иондарының (көбінде карбонат күйінде) болуы себебінен қалыптасатын судың бір қасиетін айтамыз.
Cудың кермектігінің сандық көрсеткіші 1 литр суқұрамындағы миллиграм-эквивалентпен (мг-экв/л),немесе кей елдерде градуспен өлшенеді. Негізі табиғи су кермектігі өте үлкен ауқым көлеміндеауытқиды: мысалға тайга мен тундра белдеулеріндегіөзен, көлдерде 0,1-0,2 мг-экв/л-ден және кей жер асты сулары мен мұхит, теңіз суларында 80-100 мг-экв/л-ге дейінгі көрсеткіште ауытқи алады. Кермек су тұщы болғанымен де, өте нашар сабындалады және бу қазандықтары қабырғаларына тат түсіреді де, қант, былғары секілді сондай-ақ басқа да көптеген өнеркәсіп орындарында пайдалануға жарамсыз келеді. Cу кермектігі: жалпы, уақытша (яки жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып жіктеледі. Жалпы кермектік су құрамында кальций мен магнийдің бүкіл тұздарының болу себебінен қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік болса,
судағы кальций мен магнийдің тек қанагидрокарбонаттық (HCO3)және карбонаттық (СО3²-) тұздарының болуымен байланысты түзіледі. Ал бұндай кермектілікті суды қайнату арқылы (ерімейтін карбонаттар СаСО3 және MgCO3 (Са2+, Mg2+ катиондары қақ түрінде тұнады) жоюға болады: Ca(HCO3)2 = CaCO3 ↓ + CO2 ↑ + H2O.
Тұрақты (яки жойылмайтын) кермектілік болсажалпы және жойылатын кермектікліктердің айырымы шамасына тең болады. Қалдық (яғни бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең болады. Ал елімізде судың кермектік көрсеткіші 1 дм3 судағы Са2+ менМg2+ иондарының миллиграмм-эквиваленттік мелшерімен сипатталады. Кермектіктің бір мг-экв-ті 20,04 мг/дм3 кальций мен 12,16 мг/дм3 магнийдің косындыларына тең болады. Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай бес топқа бөлінеді:

  • өте жұмсақ су (1,5 миллиграм-эквивлентке дейін)

  • жұмсақ су (1,5-3,0 миллиграм-эквивлентті)

  • орташа кермек су (3,0-6,0 миллиграм-эквивлентті)

  • кермек су (6,0-9,0 миллиграм-эквивлентті)

  • өте кермек су (9,0 миллиграм-эквивленттен жоғары).Елімізде жалпы ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7-20 миллиграм-эквивлентті табиғи сулар пайдаланылады.

Су кермектігін жою яки төмендету суды жұмсарту деп аталынады. Жұмсақ су дегеніміз құрамында кальций мен магний карбонаттары мөлшері аз, кермектік мөлшері 3,0 мг-экв/л-ден төмен шамадағы су. Жұмсақ су қатарына жаңбырдың, еріген қардыңсонымен қатар мұз сулары кіреді.Енді суды жұмсарту түрлеріне тоқталып өтейік. Суды химиялық жолмен өндеу (реагентті тәсіл) арқылы тұрақты жәнеуақытша кермектіктікті де жоюға болады. Ол сонда қалай кермектікті жояды дейтін болсақ: кермектікке әкелетін ион мен аз еритін қосылыс түзушілердің көзін құртатын арнайы реагенттермен суды өңдеуарқылы жүзеге асырады. Бұл реагентерқатарына : сода (Na2CO3), сөнбеген (CaO) және сөнген әк (Ca(OH)2), әртүрлі натрий фосфаттары (Na3PO4, Na6P6O18) және т.б жатады. Сондай - ақ судың кермектігін ионалмасу тәсілімен де жоюға болады. Түрлі дәрежедегі су отандық және шетелдік медициналық сондай-ақ фармацевтикалық тәжірибелерде қолданылу аясы кең. Су-универсалды сонымен қатар қол жетімді еріткіш болып табылады. Мұндай қасиеті арқасында сұйық дәрілік формаларды дайындау сәтінде суды еріткішпен қоса дисперсиялық орта ретінде де пайдалана аламыз.Фармацевтикалық тәжірибелерде рецепт жазбасында еріткіш көрсетілмесе, тазартылған су қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет