қышқылының екі сортын өндіреді. Азот қышқылын өндірудің бірнеше әдістері
бар. Олардың тарихи ретімен танысайық. Селитрадан алу ( Глаубер әдісі) XVII
ғасырдың ортасынан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін осы әдісті қолданды.
NaNO3 + H2SO4 NaHSO4 + HNO3. Бұл әдіс селитраның қоры көп жерде
қолданылды. Ауадан алу. Азот пен оттек 12000С реакцияласа бастап (электр
ұшқынында) 30000С-та тепе-теңдік оңға қарай ығысады. Доға әдісі плазма
үдерістерін қолдану нәтижесінде қайта жаңаруда. N2 + O2 2NO - 181,4
Осылай түзілген азот оксиді өздігінен оттекті оңай қосып алып, азоттың
диоксидіне айналады: 2NO + O2 2NO2 + 112
Азот диоксиді сумен реакцияласып азот қышқылын түзеді: 3NO2 + H2O
2HNO3 + NO + 136
Бұл әдіс электр энергиясы арзан жерде болмаса, өте қымбат әдіс
болғандықтан, қолданудан қалып келеді. Аммиакты тотықтырып алу әдісінің
физика-химиялық негізі. Азот қышқылын аммиактан алудың негізін қалаған
инженер И. И. Андреев 1914 жылы Донбаста көмір кокстегенде шығатын
аммиакты тотықтырып, азот қышқылын алуға болатындығын дәлелдеп, 1917
жылы Донбаста бірінші зауыт салды. Синтетикалық жолмен алынатын
аммиактың 35%-ыазот қышқылын алуға кетеді. Өндірісте негізінен
сұйытылған азот қышқылы алынады. Азот қышқылын аммиактан өндіру мына
сатылармен жүреді:
1. Аммиакты катализатор қатысуымен азот оксидіне дейін
тотықтыру: 4NH3 + 5O2 4NO + 6H2O + 907
2.Азот оксидін оның диоксидіне дейін тотықтыру: 2NO + O2 2NO2 + 112
3.Азот диоксиді сумен абсорбцияланады: NO2 + H2O 2HNO3 + NO + 136
Бөлінген азот оксиді диоксидке дейін тотығып, қайтадан абсорбцияланады.
Аммиактың катализатор қатысуымен тотығуы. Бұл экзотермиялық үдеріс.
Реакцияның жүру жағдайына байланысты аммиак пен оттегінің арасында
мынандай реакциялар жүреді:
Достарыңызбен бөлісу: