температура реакция жылуымен сақталады. Егер температураны төмендету
қажет болса, колоннаға төменнен салқын газ енгізеді. Синтез колоннасынан
шыққан газ жылуын жылу алмастырғыштағы газ қоспасына беріп, суытқыш
конденсатор арқылы өтіп, (8) сеператорға келіп, 96%-ды шикі спирт бөлініп
алынады. Ал реакцияға түспеген газ қоспасы компрессорда (5) керекті
қысымға дейін қысылып араластырғышқа (2) жіберіледі. Метил спирті шикі
спирт жинағышқа (9) құйылады. Қайта айналатын газ
қоспасының құрамында
(метан, азот, көміртек (IV) оксиді және т.б.) қосымша үрдістердің өнімдері көп
мөлшерде
жиналатындықтан,
оқтын-оқтынқайта
айналатын
газдың
бірсыпырасын өртеп, қалғанын жаңартады. 1т метил спиртін алуға шамамен,
700 м3 СО және 1400-2000 м3 Н2 жұмсалады. 1м3 синтез газдан шамамен, 400
г метил спирті алынады, яғни шығым теория бойынша есептелгеннен 84-87%.
Синтез кезінде көміртек (II) оксиді колонна қабырғасымен әрекеттесіп, темір
пентакарбонилін Fe(CO)5 түзеді, ол катализатор бетін қаптап метан түзілетін
қосымша үрдісті күшейтеді. Сондықтан оралатын
газды активті көмірмен
тазартады, колонна қабырғасын легирленген болаттан дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: