1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер


-сурет. Бу фазада этиленді гидратациялау әдісімен этил спиртін



бет29/44
Дата15.11.2023
өлшемі286,45 Kb.
#123817
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
1-сурет. Бу фазада этиленді гидратациялау әдісімен этил спиртін 
өндірудің технологиялық сызбанұсқасы: 1 – жылу алмастырғыш, 2 – 
құбырлық пеш, 3 – контакт аппараты, 4 – жинағыш, 5 – тоңазытқыш, 6 – 
шайғыш колонна 
Этилен циркуляция газы (реакцияға түспеген этилен) және бумен араласып,
(1) жылу алмастырғышқа келіп, одан соң құбыр пешінде (2) 2800С-ға дейін
қыздырылып, контакт аппаратына (3) келеді. Контакт аппаратында
катализатордан сүзіліп өтіп, бу күйіндегі этил спиртін түзеді. Контакт
аппаратынан (3) шыққан бу-газ қоспасы (1) жылу алмастырғышқа жіберіліп
салқындайды. Коденсацияланған су және спирт (4) жинақтағышта газдан
бөлінген шикі-спирт (15- 16% CH3-CH2OH) тазартуға жіберіледі. Реакцияға
түспеген этилен тоңазытқыштан (5) өтіп, этанолды этиленнен толық бөліп алу
үшін (6) қондырмалы колоннада сумен жуылады, жуынды шикі-спиртке
қосылып, тазартуға жіберіледі. Реакцияға түспеген этилен жаңа келген
этиленмен қосылып, үрдіске қайта жіберіледі.
Жанама әдіс. А. М. Бутлеров ашқан күкірт қышқылы әдісі: этилен күкірт
қышқылына абсорбцияланып күкірт қышқылды эфирдің түзілуі; эфир
гидролизденіп спирттің түзілуі; спиртті бөлу және оны ректификациялау;
күкірт қышқылын концентрлеу сияқты төрт сатыдан тұрады: Күкірт
қышқылымен этиленнің әрекеттесуі екі сатыдан тұрады: біріншісі – этиленнің
күкірт қышқылында еруі, екіншісі – екі компоненттің гомогенді әрекеттесуі
нәтижесінде, алкилсульфат түзілуі:
Орташа температурада реакция қайтымсыз, бірақ қыздырғанда тепе- теңдік
солға ығысады. Үрдістің оптималды температурасы 70-800С. Этил және
диэтилсульфаттың гидролизі келесі теңдеумен жүреді:
Бұдан басқа диэтил эфир, ацетальдегид түзіледі және этиленнің полимерленуі
байқалады. Гидролиз кезінде температура 100-1100С, қысым 1МПа
шамасында болу керек. Гидролиз уақыты, шамамен, 30 минут. Бір тонна спирт



алу үшін абсорбцияға 2 т күкірт қышқылын, содан соң, 4 тонна 50%-ды


сұйытылған күкірт қышқылымен буландыру керек. Мұндай қышқылдың көп
жұмсалуы өндірісті қиындатады және қымбаттатады. Бұл әдіспен 1 т
этиленнен 1,2 т этанол және 100 кг этил эфирі алынады. Тазаланған этил
спиртінің концентрациясы 95-96% болады.
Этиленді тікелей гидраттау әдісімен этанол алу жанама әдіске қарағанда
едәуір үнемді келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет