Этилен гидратацияланғанда бір атомды этил спиртін алуға болады:
Тікелей гидраттау – катализатор қатысымен этиленмен судың тура
қосылуына негізделген. Катализатор ретінде фосфор қышқылымен оның
тұздары, күкірт қышқылы, алюминий оксиді, вольфрам, кейбір органикалық
қосылыстар және т.б пайдаланылады.
Гидратация жылдамдығы олефиндердің құрылысына және көміртек тізбегінің
ұзындығына байланысты. Тармақталған көміртек тізбекті олефиндердің
гидраттау жылдамдығы жоғары болады. Олефиндердің көміртек тізбегі қысқа
болған сайын гидраттау үрдісі қиын жүреді. Этиленді гидраттау қайтымды
және жылу бөліп жүретін үрдіс. Бұл үрдіс бу және сұйық фазада өтеді:
Ле-Шателье принципі бойынша спирттің шығымы қысымның артуымен,
температураның төмендеуімен артады.
Этиленді тікелей гидраттау үрдісі 280-3000С температурада, 7-8МПа қысымда
және катализатор ретінде ортофосфор қышқылы сіңірілген алюмосиликаттың
қатысуымен жүреді. Этанол шығымына H2O:С2Н4 моль қатынастары,
контакт уақыты, көлемдік жылдамдық әсер етеді.
Оптималды параметрлер: H2O:С2Н4 = 0,6:1; газ-бу қоспасының көлемдік
жылдамдығы 1800-2500 сағ-1. Бір циклдегі этиленнің конверсиялану дәрежесі
4-5%-дан аспайды. Сондықтан үдерісті циклді технологиялық сызбанұсқамен
жүргізеді (1-сурет). Реакцияға түспеген этилен циклге қайта жіберіледі.