Азот қышқылын концентрлеу. Сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін буландыру арқылы 68,4%-дық азот қышқыл ерітіндісін алуға болады. Осы себептен сұйытылған азот қышқылын концентрлеу суды өз құрамына жақсы қосып алатын концентрлі күкірт қышқылы-ның қатысуымен тарелка тәрізді барботаждау колоннасында іске асады. Барботаж – газды немесе буды сұйықтық қабаты қысым күші арқылы өткізе отырып бөлшектеу. Күкірт қышқылы сұйытылған азот қышқылындағы суды өзіне байланыстырып, 100% азот қышқылынан қайнау температурасы жоғары күкірт қышқылының гидратын түзеді. Сондықтан азот және күкірт қышқылдарының қоспасын қыздырғанда, бу қоспасында тек қана азот қышқылы шығады. Концентрлеу колоннасына берілетін сұйытылған азот қышқылы екіге бөлінеді. Бір бөлігі (2) буландырғышқа, екіншісі (1)-ге барады. Концентрациясы 92-94% күкірт қышқылын колоннаның жоғарғы жағынан береді. Қоспаны жылытуға төменгі жағынан 2500С бу жіберіледі. Азот қышқылының буы (азмөлшерде) су буы және азот қышқылының ыдырауынан пайда болған азот оксидтері колоннадан (3) тоңазытқыш конденсаторға жіберіліп, азот қышқылы конденсацияланады, ал нитрозды газдарын бөліп алып, азот қышқылын өндіретін цехта жартылай шикізат ретінде қолданады.
Концентрленген азот қышқылы (4) тоңазытқыш арқылы алынады. Пайдаланылған сұйытылған 68%-дық күкірт қышқылы ректификациялау колонасының төменгі жағынан шығарылып, ыстық қалпында буландырылып, 92-94%-ті концентрлі қышқылға айналады. Әр тонна азот қышқылын концентрлеуге 3-4 т күкірт қышқылы шығындалады. Қазіргі кезде концентрлі азот қышқылын тура синтездеу жолы жүзеге асырылады:
Бұл операция автоклавта 900С температурада және 5МПа қысымдажүреді, 9799% HNO3 алынады. Бұл реакцияның ең қиыны азоттың сұйық оксидін алу
(димерді) болып табылады.
20. Аммиак өндірісі. Оның медицинада қолданылуы. Аммиак — өткір иісті, тұншықтырғыш газ. Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Одан тыңайтқыштар — нитраттар, азот қышқылы, қопарылғыш заттар алынады. Аммоний тұздарының барлығы суда жақсы ериді. Оларды қыздырғанда, аммиак бөле ыдырайды. Аммоний тұздары азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар өндіруге, қопарылғыш заттар жасауға қолданылады. Лабораторияда қатты аммоний хлориді NH4Cl мен сөндірілген әкті Са(ОН)2 араластырып, қыздырып, аммиак алады: 2NH4Cl + Ca(OH)2 = 2NH3↑ + CaCl2 + 2H2O. Өндірісте аммиакты азот пен сутектен тікелей синтездеп алады.