1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Бейорганикалық заттар өндірісі. Күкірт қышқылы өндірісі. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинадағы маңызы жайлы жалпы мәліметтер



бет18/38
Дата23.04.2023
өлшемі1,26 Mb.
#85881
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
охт ждд

18. Бейорганикалық заттар өндірісі. Күкірт қышқылы өндірісі. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинадағы маңызы жайлы жалпы мәліметтер.
Дәрілік заттарды алу көздері

  1. Бейорганикалық дәрілік заттар шикізаты - минералды шикізат. Мысалы, натрий хлоридін дайындау үшін табиғи ерітінділер - көлдер мен теңіз сулары пайдаланылады. Калий хлоридін алу үшін - минералдар силвинит, карналлит. Кальций хлоридіне - бор немесе мәрмәр.

  2. Органикалық дәрілік препарат шикізаты - көмір, мұңай, ағаш, тақтатас өңдеу өнімдері.

Бейорганикалық дәрілік заттар
Бейорганикалық дәрілік заттар - бұл бейорганикалық қосылыстарға жататын және әртүрлі этиологияның ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілер тобы.
Дәрілік заттардың құрамына кіретін және бейорганикалық табиғаты бар барлық элементтер екі топқа бөлінеді: - макроэлементтер; - микроэлементтер.
Барлық химиялық процестер сәйкес препараттың фармакологиялық белсенділігінің типологиясын анықтайды. Алынған ақпарат негізінде белгілі бір затқа толыққанды фармацевтикалық талдау жасалады.
Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық кестесіне сәйкес бейорганикалық дәрілік заттарды жіктеу

VIII топ: темір қосылыстары;
VII топ: йодтың спиртті ерітінділері, хлоридті және бромидті қосылыстар;

VI топ: оттек, сутек тотығы, натрий тиосульфаты, тазартылған су;
V топ: соединения висмут қосылыстары және натрий нитраты;
IV топ: әр түрлі карбонаттар;
III топ: бор және алюминий қосылыстары;
II топ: магний, кальций, барий, мырыш қосылыстары; I топ: мыс және күміс қосылыстары.
Күкірт қышқылы
Таза күкірт қышқылы (100%) түссіз, май тәрізді сұйық зат. 10,4°С температурада кристалдық зат болып қатады. 296,2°С температурада қайнайды. Күкірт қышқылы суда ерігенде (1моль) - 36 кДж жылу бөліп шығарады, өйткені ол сумен гидрат түзеді. Кейбір гидраттар ертіндіден қатты күйде бөлініп шығарылған: Н2SО4 . 2Н2О, H2SО4 . 4Н2О.
Құрамындағы қоспаларға және концентрациясына байланысты күкірт қышқылы үш түрге бөлінеді:

  1. Техникалық H2SО4 (купорос майы) - 92,5 %,

  2. Олеум-18,5 % SО3 моногидрат құрамында бос қалпында болады,

  3. Мұнара қышқылы 75% H2SО4 (нитроза әдісімен өндірілген).

Күкірт қышқылын өндіру әдістері
X ғасырда алғаш рет 940 л күкірт қышқылын табиғи купорос сланецімен темір купорос қоспасын қыздыру арқылы өндірген, осы себептен өндірісте техникалық купорос майы деп аталады.
XV ғасырда күкірт қышқылын камерада күкірт пен селитра қоспасын өртеу арқылы өндіре бастады. Осы әдісті «камера» немесе «нитроза» әдісі деп атайды.
Қазіргі кезде күкірт қышқылын негізгі екі әдіспен өндіреді: контакталық (жанасу) және нитроза әдістері.
Күкірт қышқылын өндіру үшін өнеркәсіпте, алдымен күкірт ангидридін (SO3) алады. Өнеркәсіпте өндірілетін газ күкіртті ангидрид (SО2) күрделі қоспа, құрамында күкірт ангидридінен басқа: азот, оттек және т.б. қоспалар болады.
Күкірт қышқылын контакт әдісімен өндіру
Күкірт қышқылын өндірудің 25%-ға дейінгі шамасы түсті металлургия зауыттарынан шыққан газдардан алынады.Күкірт колчендандары FeS, CuFeS₂, көбінше түсті металдардың сульфидімен бірге жатады, сондықтан мыс, цинк (мырыш) және т. б. түсті металдардың концентраттарын жаққан кезде, онда күкірт қостотығы бөлініп шығады, ол өндірістік қалдық болып есептелінеді. Оны екінші шикізат есебінде күкірт қышқылын алу үшін пайдаланады. Бұл өндірісте SO₂, газын SO₃-ке айналдыру үшін контактілік әдіс қолданылады. Күкірт қышқылының контакт әдісімен алу жолы мынадай сатылардан тұрады: l) Газды зиянды қоспалардан тазалау. Күйдірген газдан тозаңдарды бөліп алғаннан кейін оны катализаторға зиян келтіретін мышьяк, селен, фтор т.б. заттардан тазартады. Осымен қатар газдан өте қымбат қоспалар селен, теллур және т.б. бөліп алады
2) Күкірт диоксидін тотықтыру (қатты катализатормен контакт жасау). Катализатор ретінде: Pt, темір оксиді, ванадий (V) оксиді қолданылады. Ең активті катализатор – Pt, бірақ құны өте жоғары және тез уланады. Күкірт қышқыл зауыттарында промоторланған 7% V2O5-ді, промотр ретінде сілтілік металдар оксиді (К2О) қолданылады. Ванадийді катализатор ретінде қолданғанда бастапқы температура 580-6000 С-тан соңында 450-4000 С температураға дейін төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет