1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Химиялық-технологиялық процестің тепе-теңдігіне әсер ететін факторларды атап көрсетіңіз (Ле-Шателье принципі)



бет25/27
Дата27.06.2023
өлшемі132,67 Kb.
#103594
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
охт2

37. Химиялық-технологиялық процестің тепе-теңдігіне әсер ететін факторларды атап көрсетіңіз (Ле-Шателье принципі).
Қайтымды реакциялар өзара қарама қарсы екі бағытта да (тура,кері) жүретін реакциялар.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болған жағдайда ТЕПЕ-ТЕҢДІК орнайды.
Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы және қысымы өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағыты Ле-Шателье принципімен анықталады.
Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдіккке әсер етуші факторлар:
1.Концентрация.
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың концентрациясы артқан кезде, тепе-теңдік оңға ығысады.
Ал керісінше, концентрациясы төмендесе тепе-теңдік солға ығысады.
2.Температура
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың температурасы артқан кезде, тепе - теңдік солға, ал төмендеген кезде, оңға ығысады.
3.Қысым(әрекеттесуші заттар газ болса)
Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың қысымы артқан кезде тепе- теңдік аз көлем жаққа, ал төмендеген кезде көп көлем жаққа ығысады.
Мысалға, төмендегі аммиак алу реакциясында 4 моль( 4 көлем) реагент, 2 моль (2 көлем) өнім бар.
Сонда әрекеттесуші заттардың қысымын арттырсақ, тепе - теңдік оңға ығысады. Себебі, өнімде аз көлем.
4. Катализатор
Катализатор тепе-теңдікке әсер етпейді.Және егер реакция эндотермиялық болса, яғни жылу сіңіре жүрсе,Ле -Шателье принципі барлық факторлар үшін керісінше қолданылады.
Мысалға, экзотермиялық реакцияда концентрация артса тепе-теңдік оңға ығысатын болса, ал эндотермиялық реакцияда керісінше солға ығысады.
Қалған факторлар үшін де дәл солай.
38. Ағынды суларды тазарту әдістерін сипаттаңыз-механикалық, химиялық, биологиялық, физика-химиялық.
Ағынды су-деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл
шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік,
ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы баска ағындылар) арқылы өткен су. Әр түрлі өнімдерді пайдалану және оларды көп мөлшерде өндіру адамның әрекеті қатысында жүреді, бірақ нәтижесінде бұл әрекеттен түрлі органикалық және бейорганикалық, соның ішінде токсинді қосылыстармен ластанған ағынды сулар пайда болады. Ағынды су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі.
Ағынды суларды тазарту – құрамындағы заттарды, сондай – ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі. Су қоймаларының өз - өзін табиғи жолмен тазарту барысында ағын сумен бірге түскен затарды да бұзылуға ұшырауы мүмкін. Бұл процесс барысында заттар концентрациясы, құрылымы және құрымы уақыт пен кеңістік бойынша өзгеріске ұшырайды. Сондықтан су қоймаларда табиғи тазарту қондырмалардың маңызы зор. Ағын суларды тазарту схемасын жасау көптеген факторларға байланысты. Бұл схема тазартылған судың қанша мөлшері өндірісті сумен жабдықтауға және қанша мөлшері суқоймаларына құйылатындығын есептеу үшін қолданылады.
Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдердің ағынды сулардағы түрлі қосылыстарды өздерінің субстраты ретінде пайдалану әрекетіне негізделген. Бұл әдістің құндылығы оның ағын су құрамындағы органикалық және бейорганикалық кең спектрлі заттарды жоюында жатыр. Алайда бұл әдістің ойдағыдай жүруі үшін тазалау қондырғыларының құрылысына көп мөлшерде қаржы бөлу қажет. Тазарту процесі барасында тазалаудың технологиялық режимін қатаң сақтау және микроорганизмдердің ластанудың жоғары концентрациясына өте сезімтал келетінін ескеру қажет. Сондықтан биологиялық тазарту жүргізбестен бұрын, ағын суларды сұйылту қажет. Ағын суларды биологиялық жолмен тазарту процестерінің 2 әдісі бар.Аэробты – микроорганизмдер заттарды тотықтыру үшін оттегі пайдаланады.Анаэробты – микроорганизмдер бос күйіндегі еріген оттегімен де, сондай – ақ нитратиондарыны электрондарының артық акцепторларымен баййланысқа түсе алады.
Механикалық тазалау әдіс
Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың оңай жолы және тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады.Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында қолданылады.Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар.Ағын суларды тазалаудың механикалық әдісінде ластаушыларды айыру үшін гравитациялық және ортадантепкіш күштер қолданыладыМеханикалық әдісте ағынды судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды,електерді, гидроциклондарды, т. б.) қолданып, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.
Химиялық әдіс
Қалдық суларға химиялық реагенттерден (басқа затпен қосылып химиялық реакция жасайтын заттар) қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы тазалайды.Бұл әдіспен тазалағанда ермеген қалдықтың 95, еріген қалдықтардың 25% бөліп алуға болады.Химиялық әдісті әртүрлі зиянды заттары бар қалдық суларды тазартуға қолданбайды.Химиялық әдістер негізінен бейорганикалық қосылыстарды тазарту үшін қолданылады. Регенттік әдіске қышқылдар мен сілтілерді бейтараптау, иондарды еруі қиын қосылыстарға айналдыру, бейорганикалық заттарды тұндыру жатады. Жиі қолданылатын әдіске қышқыл суларды негіздермен, күйдіргіш натримен, әкпен магнезитпен, сілті қалдықтарымен бейтараптау жатады, бұның ішінде ең көп қолданылатыны-калций гидрооксиді (сөндірілген әк)
Физико-химиялық әдіс
Физико-химиялық әдістер ағынды суды майды дисперсті, каллоидтық және еріген заттардан тазарту үшін қолданылады.Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын физикалық-химиялық әдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тәсілдер (электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация, электродиализ), ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген.Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет