1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады



Pdf көрінісі
бет57/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады. Ол 
үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) қосып, 130—140°С шамасында 
қыздырады. Күкірт атомдары каучуктың қос байланыстарының кейбіреулері бойынша қосылып, оның 
сызықтық молекулаларын бір-біріне "жөрмеп" байланыстырып, полимер кеңістіктік құрылымға ие болады. 
Кеңістіктік полимердің қасиеттері сызықтық полимерден өзгеше. Резеңке каучукпен салыстырғанда берік 
болады. Каучук бензинде біртіндеп ериді, ал резеңке бензинде ерімей, тек ісінеді. Каучукты 
вулканизациялағанда, оның массасының 2-3%-індей күкірт қосады. 
Вулкандау үрдісі 125-180 температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3-
0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада жəне т.б. жағдайда жүреді.
Резина бұйымдарын өндіру: шикі резинаны дайындау, формалау, вулкандау сияқты үш негізгі сатыдан 
тұрады. Шикі резинаның қоспасын дайындауға:
1) каучук пен ингредиент дайындау. Ингредиент резина қоспасының құрамына кіретін əртүрлі органикалық 
жəне минералдық заттар.
2) Компоненттерді өзара араластыру.
3) Алынған қоспаларды дайындау жəне формалау сияқты мынандай операциялар кіреді.
Резина бұйымдарын əрі қарай қолдану жағдайына байланысты əртүрлі мөлшерде резина қоспасының 
құрамына бірнеше ингредиент компоненттері кіреді. Мысалы, солтүстікте, оңтүстікте жəне тропикте жұмыс 
істеуге арналған мөлшері де конструкциясы да бірдей шиндерді əртүрлі рецепті қоспалардан дайындайды. 
Сондықтан əртүрлі резина бұйымдарын алу үшін қоспаның құрамы əртүрлі болады. 
Кремний органикалық (силикон) каучуктер – тұйық силоксандарды немесе сызықтық силоксандарды 
поликанденсациялау арқылы алынады. 
Медициналық силиконды резеңке қоспасы - пероксидтер мен олардың ыдырау өнімдері жоқ экологиялық 
таза материал. Каучук өзінің физикалық қасиеттерін сақтай отырып, улы емес жəне инертті. 
Материалды денсаулық сақтау саласында қолдану ауқымы айтарлықтай үлкен - силикон түтіктері, 
катетерлер, қаптар, пробиркалар, препараттарға арналған тығындар, зондтар, медициналық сылақтарға 
арналған желім жəне т.б. Медициналық силиконды резеңке адам өмірін қамтамасыз ететін маңызды 
құрылғыларға (диализ, дренаж жүйелері, экстракорпоральды қан айналымы жəне т.б.) келгенде 
алмастырылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет