1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар


)Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптарды жіктеңіз. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасын сипаттаңыз



бет7/10
Дата17.10.2023
өлшемі248,21 Kb.
#116737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
10)Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптарды жіктеңіз. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасын сипаттаңыз.
Шикізат – өнеркəсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар.
Химиялық өнеркəсіптің шикізаты əртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
  • шығу тегіне байланысты – минералдық, өсімдік, жануартекті;


  • қоры бойынша – сарқылатын жəне сарқылмайтын;


  • химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық жəне органикалық


  • агрегаттық күйі бойынша – қатты, сұйық жəне газ тəрізді.


Сондай-ақ шикізатты біріншілік жəне екіншілік, табиғи жəне жасанды деп бөледі.


Химиялық-технологиялық үдерістерде қолданылатын шикізат:
• Соңғы өнімге өңдеу сатыларының санын азайту;
• шикізатты химиялық өзгеріске дайындауға жəне үдерісті жүзеге асыруға энергетикалық, материалдық шығындарды аз жұмсау;
• бастапқы энергияның максималды шығынсыз жұмсалуы;
• əрекеттесуші заттардың агрегаттық күйінің өзгеруіне төмен температура, қысым жəне аз энергия жұмсау;
• реакциялық қоспада мақсатты өнімнің концентрациясын арттыру сияқты талаптарды қанағаттандыру керек.
Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы мақсатты өнімнің максималды шығымына, шикізаттың пайдалы өнімге айналуына бағытталған. Бұл мақсатқа жетудің бірнеше əдістері бар: Үдерістің сызбанұсқасын таңдау – маңызды саты, мұнда шикізат ресурстарын пайдалануды жақсартуға болады.
Кинетикалық фактор жүретін үдерістің кинетикасы мен механизмінің ерекшелігіне негізделген. Қарсы ағысты жанасу фазасы – ауысу үдерісінің максималды қозғаушы күшін қамтамасыз етеді. Фракциялы рециклді – бастапқы реагенттер толық емес айналу кезінде қолданады. Бөлу жүйесінде реактордан кейін əрекеттеспеген реагенттерді бөліп қайта өңдеуге жібереді. Рециклмен регенерация. Қосымша материал қолданғаннан кейін регенерацияланып, қайтадан үдеріске жіберіледі. Қалдықтардың утилизациясы. Көптеген жағдайда химиялық өзгерістердің нəтижесінде таза өнім алу мүмкін емес. Егерде реакция бойынша бір емес бірнеше өнімдер түзілсе, онда мақсатты өніммен бірге қосымша реакция өнімдерінен де пайдалы өнімдер алуға болады.
Баламалы шикізат. Басқа өндірістердің қалдықтарын қолдану – шикізат көздерін кеңейтудің бір бағыты болса, екіншісі – баламалы біріншілік шикізат көзі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет