1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар


)Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестеріне сипаттама беріңіз. Каталитикалық крекинг процесін түсіндіріңіз



бет9/10
Дата28.11.2023
өлшемі61,88 Kb.
#130870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Охт сессия

12)Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестеріне сипаттама беріңіз. Каталитикалық крекинг процесін түсіндіріңіз.
Шикізат- өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінде және онымен байланысты салаларда, жаңадан енгізілген технологиялардың 90% -дан астамы каталитикалық процестер болып табылады.
Каталитикалық үдерістер əртүрлі конструкциялы жанасу аппараттарында жүзеге асырылады.Каталитикалық крекинг. Каталитикалық крекинг үдерісінің мақсаты – температура мен қысымды төмендетіп, бензиннің шығымын жəне сапасын арттыру.
Каталитикалық крекинг алюмосиликатты катализатор қатысында бу фазасында 400-500 С-та, атмосфералық қысымда жүреді. Шикізат ретінде қайнау температурасы 500°С-тан жоғары вакуумдық газойль қолданылады.
Каталитиклық крекинг өнімдері. Крекинг өнімдері: газ, бензин, керосинді-газойлды фракция, крекинг – қалдық, кокс.
Газ шығымы 4-7%, бензин 40-45%, шикізатпен үдерісті жүргізу температурасына байланысты катализатор бетінде түзілетін кокс мөлшері – 1-5%.
каталитикалық крекинг кезінде көмірсутектердің химиялық өзгеріске тұрақтылығы келесі қатарда болады:
Каталитикалық крекинг: олефиндер < алкиларендер < нафтендер < парафиндер < голоядролы ароматты көмірсутектер.
13) Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестеріне сипаттама беріңіз. Риформинг процестерін түсіндіріңіз.
Шикізат- өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінде және онымен байланысты салаларда, жаңадан енгізілген технологиялардың 90% -дан астамы каталитикалық процестер болып табылады.
Каталитикалық үдерістер əртүрлі конструкциялы жанасу аппараттарында жүзеге асырылады. Мұнайхимиялық өнеркəсіптің шикізатын алу негізінен мұнайды өңдеудің екі үдерістеріне – термиялық пиролизге (этилен жəне басқа төменгі олефиндер) жəне каталитикалық риформингке (бензол жəне басқа ароматты көмірсутектер) негізделген.
Каталитикалық риформинг – мұнайды тікелей айдау əдісімен өңдеген бензин жəне лигроин өнімдерін қайта өңдеу үдерісі. Каталитикалық риформингтің мақсаты бензиннің октан санын жоғарылату жəне мұнай-химиялық синтездің бағалы шикізаты ароматты көмірсутектерді (бензол, то луол, ксилол) өндіру. Октан саны жоғары бензин алу үшін шикізат ретінде 80-1800 С фракция, ал ароматты көмірсутектер алу үшін қысқа фракцияларды: бензол алуда – 60-850 С, толуол алуда – 85- 1100 С, ксилол алуда – 110-1400 С шикізат ретінде қолданады. Риформинг үдерісінде көмірсутек молекулалары құрамындағы көміртек атомдарының санының өзгеруінсіз қайта құрылымдық өзгерістерге түседі. Үдеріске қолданылатын катализатордың табиғатына байланысты каталитикалық риформинг келесі түрге бөлінеді:
1. Металл оксидтері негізіндегі катализатор қатысындағы үдеріс – гидроформинг.
2. Құрамында платина бар катализатор қатысындағы үдеріс – плат форминг.
Каталитикалық риформинг бензинінен бензол, толуол, этилбензол, ксилолдың барлық изомерлерін, нафталин жəне органикалық синтезде қолданылатын басқада өнімдерді бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет