1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар


)Судың сапалық көрсеткіштерін жіктеңіз. Судың кермектігі, кермектік түрлері, жою әдістерін сипаттаңыз



бет10/10
Дата28.11.2023
өлшемі61,88 Kb.
#130870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Охт сессия

14)Судың сапалық көрсеткіштерін жіктеңіз. Судың кермектігі, кермектік түрлері, жою әдістерін сипаттаңыз.
Су –тіршіліктің негізгі көзі, сусыз өмір жоқ.Су барлық жерде қолданылады.Мысалы химиямен байлааныстырсақ суды реакцияларда , өндірісте дəрі жасауда нағыз еріткіш ретінде қолданамыз.Ең қарапайым еріткіш болып табылады.Су –түссіз мөлдір сұйықтық. Су сапасының көрсеткіші туралы айтатын болсақ жалпы Судың сапасы физикалық, химиялық жəне бактериологиялық анализдермен анықталынады. Су сапасының маңызды көрсеткіштеріне физикалық жəне химиялық сипаттамалары: мөлдірлігі, түсі, иісі, температурасы, жалпы тұз мөлшері, су кермектілігі, тотығу шамасы, құрғақ қалдық, жалпы сілтілігі, жүзгін заттардың мөлшері жəне су реакциясы (сутек көрсеткіші рН) жатады. Осы көрсеткіштер су құрамындағы қоспалардың бар жоғын анықтайды.Яғни олар:Судың жалпы сілтілігі,кермектілігі ,мөлдірлігі,тотығуы,реакциясы.
Судың кермектігі дегеніміз -қарапайым тілмен айтқанда судың құрамында кальций жəне магний тұздарының көп мөлшерде болуы.
Судың кермектігі 2 түрге бөлінеді:
1. Уақытша кермектілік. Суда Mg(HCO3)2,Ca(HCO3)2 болатын кермектілік немесе карбонаттық кермектілік деп аталады
Кетіру әдісі :
• Cуды қайнату арқылы:Ca(HCO3)2=CaCO3+CO2+H2O
• Әк сүтін қосу:Ca(HCO3)2+Ca(OH)2=2CaCO3+2H2O
• Сода қосу :Ca(HCO3)2+Na2CO3=CaCO3+2NaHCO3
2. Тұрақты кермектілік. Су құрамында сульфат, хлорит,нитраттар болады.
Кетіру әдісі :
• Сода қосу: Ca(HCO3)2+Na2CO3=CaCO3+Na2SO4
• Натрийфосфат қосу: 3MgSO4+2Na3PO4=Mg3(PO4)2+3Na2SO4

15)Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз.


Өндіріске келетін суда еріген заттардан басқа, ерімеген заттар бола- ды. Олар құм, сазбалшық, өсімдік жəне жəндіктердің қалдықтары, түрлі микроорганизмдер болады. Сондықтан суды тазарту керек. Суды тазар- ту жолдары: мөлдірлеу, зиянсыздандыру, жұмсарту, тұзсыздандыру, газ- сыздандыру.


Мөлдірлеу – су құрамындағы механикалық қоспалардан суды та- зарту
Суды зиянсыздандыру – суды микроорганизмдерден жəне бактерия- лардан тазарту əдісі: хлорлау, озондау немесе қайнату.
Суды жұмсарту – су құрамындағы ерітінді түріндегі Са жəне Mg тұздарынан жарым-жартылай немесе толық тазарту.
Суды тұзсыздандыру – суды қыздырып, əуелі буға айналдырып су- ытып, қайта сұйылтады.
Суды газсыздандыру – суды еріген газдан тазарту.
Су –барлық тіршілік иелерінің тіршілігі үшін қажет. Адамдар бірнеше күн ғана сусыз өмір сүре алады.Ал ары қарай шыдау қиын. Яғни судың маңыздылығы жоғары. Əр түрлі деңгейдегі су отандық жəне шетелдік медициналық жəне фармацевтикалық тəжірибеде кеңінен қолданылады. Фармацевтикалық мақсаттағы су көзі табиғи су болып табылатын ауыз судан алынатындықтан, маңыздысы, соңғысын ондағы қоспалардан шығару болып табылады. Табиғи суда əртүрлі тұздардың иондарын құрайтын еритін заттар болуы мүмкін. Бұл заттардың едəуір бөлігі ауыз су алу кезеңінде жойылады. Алайда фармацевтикалық мақсаттағы су арнайы талаптарға сай болуы керек. Қазіргі заманғы фармацевтикалық кəсіпорындағы оған қойылатын ерекше талаптар судың өндірістің барлық кезеңдерінде қолданылатындығына байланысты. Бұл үй-жайлар мен жабдықтарды жуу, санитарлық- гигиеналық мақсаттар, аналитикалық ерітінділер дайындау, жылу тасымалдағыш жəне компоненттер мен дайын өнімді дайындау.
Су-əмбебап жəне қол жетімді еріткіш. Бұл қасиет сұйық дəрілік формаларды дайындау кезінде суды еріткіш жəне дисперсиялық орта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Тазартылған суды медицинада қолдану:
• ішке жəне сыртқа қолдануға арналған дəрілік ерітінділер;
• көз тамшылары жəне офтальмологиялық ерітінділер;
• жаңа туған нəрестелерге арналған дəрілік препараттар;
• кейіннен стерильдеу көзделген инъекциялық емес ерітінділер
Егер дəрілік түрлер үшін зарарсыздандыру қарастырылмаса, тазартылған стерильді су қолданылады.
16..Гомогенді химиялық процестер. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығы.
Әрекеттесуші заттардың (реагент) агрегаттық (фазалық) күйіне байланысты химия-технологиялық үрдістер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Бұл жерде каталитикалық емес, яғни катализаторларсыз өтетін үрдістер қарастырылады.
Фаза – химиялық, физикалық қасиеттері және құрамдары бірдей болатын гомогенді жүйелердің жиынтығы. 

Газ фазасындағы гомогенді реакцияның кинетикасы жақсы зерттелген. Гомогенді реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың табиғатына, қойыртпалылығына, температураға, қысымға, катализатор қатысына тәуелді.


Гомогенді деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды.
Гомогенді реакцияның жылдамдығы – жүйенің көлем бірлігінде және кесімді уақытта реакцияға түскен немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді.
Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты химиялық реакциялар гомофазалы жəне гетерофазалы болып бөлінеді.
Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
Гомогенді деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды.
Гомогенді ортада, əсіресе сұйық фазада, химиялық реакциялар гетерогендіге қарағанда тез жүреді, біртекті процестерге арналған аппаратура қарапайым жəне басқаруы жеңіл болып келеді. Сондықтан өндіріс біртекті ортада химиялық процесті жүргізу үшін жүйені гомогендеу əдісін кең қолданады; Сұйық реакция ортасын алу үшін сұйықтық немесе булардың конденсациясы, қатты заттардың еруі немесе балқуы арқылы газдарды сіңіру қолданылады. Өндірістік практикада таза біртекті процестер салыстырмалы түрде сирек кездеседі, бірақ көптеген гетерогенді процестерге саты ретінде газ немесе сұйық фазадағы біртекті химиялық процесс жатады. Күрделі технологиялық процестің біртекті кезеңдеріне көптеген синтез, ыдырау, алмасу, қосу, алмастыру, полимерлену, крекинг жəне басқа реакциялар жатады.
Газ жəне сұйық фазаларындағы біртекті процестердің жылдамдығына реакцияға түсетін компоненттердің концентрациясы, қысым, температура жəне араластыруы əсер етеді.
Гомогенді процестердегі жылдамдық артуына əсер етеді: Темперартура, кысым, бастапкы заттардын конц, араластыру дəрежесі,қаркындылыгы, катализатор
17) Гетерогенді химиялық процестерге анықтама беріңіз. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г-Қ) жүйесіндегі процестер. Гетерогенді процесстің жылдамдығына сипаттама беріңіз.

Гетерогенді химиялық процесстер екі немесе одан көбірек фазалардан тұрады. Мынадай екі фазалық системалар бар: газ-сұйықтық (г-с), сұйық-қатты ( С-Қ) және газ-қатты (Г-Қ).

Кез келген гетерогенді химиялық үрдіс 3 бірінен соң бірі кезектесіп жүретін сатыдан:
• Фазалар айыру бетіне бастапқы реагенттердің диффузиялауы;
• Химиялық реакция;
• Реакция аймағынан түзілетін реакция өнімдерін диффузиялаудан тұрады.
Өндірістік тəжірибеде гомогендіге қарағанда, гетерогенді үрдістер көбірек тараған. Əдетте үрдістің гетерогенді сатысы (масса өту) диффузиялық сипатқа ие болады, ал химиялық реакция газды немесе сұйық ортада гомогенді өтеді. Бірақ бірқатар өндірістерде үрдістің жалпы жылдамдығын анықтайтын Г – С, Г – Қ, С – Қ шекарасында гетерогенді реакциялар жүреді.

  • Химия өнеркəсібінде Г-Қ жүйесінде каталитикалық емес үрдістер кең қолданылады. Оларға қатты сорбенттерде газдардың абсорбциясы мен десорбциясы, қатты заттарды буландыру жəне буларын конденсациялау, қатты отынның пиролизі, қатты материалды əртүрлі күйдіру түрлері жатады. Г-Қ жүйелері үшін қатты материалдарды күйдіру жəне адсорбция үрдістерінн сипаты жақын.


Күйдіру- қатты жəне газ тəрізді өнімдерін алу мақсатымен, қатты материалдарды жоғары темпера


Абсорбция — газ жəне сұйық күйдегі заттардың барлық массасы бойынша басқа затқа сорылуы.
Десорбция — сұйық немесе қатты дене бетінен, осы сұйықтың (қатты дененің) бетінде жұтылған зат бөлшектерін аластату; адсорбцияға кері процесс.


  • Г-С жүйесіндегі химиялық гетерогенді процестерінде реакциялар негізінен сұйық фазада жүреді, реакция газ тəрізді реагентті оның газдағы диффузиясы жəне сұйықтықта еруі арқылы жеткізеді. Г-С жүйесі үшін абсорбциялық жəне десорбциялық процестер барынша тəн.

Абсорбция — газ жəне сұйық күйдегі заттардың барлық массасы бойынша басқа затқа сорылуы.


Десорбция — сұйық немесе қатты дене бетінен, осы сұйықтың (қатты дененің) бетінде жұтылған зат бөлшектерін аластату; адсорбцияға кері процесс.
Булану - өнімді қыздырып, газ күйге ауыстыру.
  • Гетерогенді жүйеде С-Қ реакция үшін рециркуляциялық сорғысы бар автоклав типті реакторды пайдаланады. Бұл реактор процесті жүргізу кезінде механикалық араластыру мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Əдетте мұндай автоклав жоғары қысым мен температурада жұмыс істейді.


Адсорбция - газды, буды немесе ерітінді ішіндегі затты бет қабатына сіңіру.


Десорбция — сұйық немесе қатты дене бетінен, осы сұйықтың (қатты дененің) бетінде жұтылған зат бөлшектерін аластату; адсорбцияға кері процесс.
Еріту — өнімді қыздырып, сұйық күйге жеткізу.
Гетерогенді реакцияның жылдамдығы – фазалар айырымының аудан беті бірлігінде жəне кесімді уақытта рекцияға түскен немесе реакция нəтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді. Гетерогенді реакциялардың жылдамдығы бұл айтылғандардан басқа фазаның жүктелген жеке бөліктерінің күйіне, жылу және масса алмасу жағдайларына, т.б. тәуелді.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет