1. Химияның негізгі түсініктері. Эквивалент


Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері



бет2/4
Дата26.12.2022
өлшемі130,27 Kb.
#59721
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Моль сессия (1)

Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. Реакция жылдамдығы белгілі бip уакыт ішінде реакцияласушы заттардың концентрациясының өзгеруімен өлшенеді.
Мысалы, реакцияға катысатын заттың концентрациясы 1 моль/л болып, ал реакция бip минут жүргеннен кейін, 0,8 моль/л қалса, бip минут ішінде жұмсалған 0,2 моль/л осы реакцияның жылдамдығын көрсетеді. Реакция жылдамдығы алғашқы кезде жоғары болады, ал уақыт өткен сайын темендей береді. Оның ceбебі реакцияның алғашқы кезінде әрекеттесуші заттардың концентрациясы көп болады да, олар жиі соқтығысады. Реакция нәтижесінде түзілетін заттар кебейген сайын оған қатысатын заттардың концентрациясы азаяды да, соқтығысулары сирейді, осыдан реакция жылдамдығы темендейді.
6.Реакция жылдамдығына температураның әсері.Вант-Гофф теңдеуі
Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз – әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясының уақыт бірлігінде өзгеруі.Температура жоғарылаған сайын химиялық реакциялар жылдамдығы артады. Температура өскен сайын жылдамдық константасының мәні демек, реакцияның да жылдамдығы артады. Егер де kt – арқылы берілген реакцияның температурадағы жылдамдық константасын, ал kТ+10к – арқылы сол реакцияның (Т + 10К) температурадағы жылдамдық константасын белгілесек, екінші мәнінің бірінші мәнеге қатынасы реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін береді.
γ = kТ+10к/ kt ;(1)
Вант-Гофф жақындатылған (импирикалық) ережесі брйынша температуралық коэффициент γ-мәні 2-4 шегінде болады, яғни температураны 10К –ге жоғарылатқанда реакция жылдамдығы 2-4 есе артады. Мысалы: температуралық коэффициент 2-ге тең болғанда температураны 100К –ге өсіру реакция жылдамдығын 1024 есе арттырады.
kТ+10к/ kt =210=1024
Демек, температураның арифметикалық прогрессияда өсуі реакция жылдамдығының геометриялық прогрессияда арттырады. Бірақ практикада γ мәні қатты жоғарылағанда күшті кеміп, тек салыстырмалы қысқа температура интервалында ғана орындалады. Сондықтан химиялық реакцияның жылдамдық константасының температура тәуелділігінің нақтырақ байланыстылығын 1889 жылы С.Аррениус тапты.
Жылдамдыққа температураның әсері.
Әрекеттесуші массалар заңы кез-келген температураға сәйкес, бірақ тұрақты жылдамдықта температураның әсерінен өседі. Жылдамдыққа температураның әсерін Вант-Гофф ережесі сипаттайды: реакция температурасын әр бір 10ºС көтергенде, реакция жылдамдығы 2 немесе 4 есе артады. .
γ – температуралық коэффициент;
– t1, t2 температурасындағы реакция жылдамдықтары.
7.Химиялық тепе-теңдік.Қайтымды реакциялар
Химиялық тепе-теңдік — бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі. Қайтымды реакция аяғына дейін жүрмейді, ол басталғанда тура жүретін реакцияның жылдамдығы (v1) жоғары, кері реакция жылдамдығы (v2) баяу болады. Тура реакция жүрген сайын реакцияға алынған заттың концентрациясы азайып, v1 — жылдамдығы кемиді, керісінше, тіке реакциядан пайда болған өнімнің концентрациясы артып, v2 күшейеді. Біртіндеп екі реакция жылдамдығы теңеседі: v1=v2. Осындай жағдайды химиялық тепе-теңдік деп атайды. Тепе-теңдік орнағанмен қарама-қарсы бағытталған екі реакция да тоқтамай жүре береді. Егер сыртқы жағдай (қысым, концентрация, температура) өзгермесе реакция жылдамдықтары тең болып, химиялық тепе-теңдік орнаған қалпында қала береді, сондықтан оны жылжымалы немесе [динамикалық] тепе-теңдік деп те атайды. Реакцияласушы жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы дейді. Химиялық тепе-теңдік орнаған кездегі реакцияға қатысқан әр заттың концентрациясы тепе-теңдік концентрациясы деп аталады. Химиялық тепе-теңдікті сан жағынан сипаттайтын көрсеткіш тепе-теңдік константасы (тұрақтысы) (К) деп аталады: aA+bB=pP+qQ, мұндағы бас әріптер — заттардың формулалары, кіші әріптер — реакциядағы молекула сандарын көрсететін коэффициенттер. Тепе-теңдік константасы тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының (k1,k2) қатынасы деп те аталады: K=k1/k2. К — белгілі температурада тура реакция өнімдері мен реакциясы алынған заттардың мольдік көбейтінділерінің қатынасын көрсететін тұрақты шама. Тепе-теңдік константасының теңдеуі реакцияға қатысқан заттардың тепе-теңдік концентрацияларының бір-біріне тәуелділігін көрсетеді. Химиялық тепе-теңдікті зерттеудің теориялық және практикалық маңызы бар.
Химиялық реакциялар қайтымды және қайтымсыз болып екі топқа бөлінеді. Қайтымды реакциялар – реакция өнімдері бір-бірімен әрекеттесіп, бастапқы заттарды қайтадан түзетін реакциялар.
Қайтымсыз реакция – бастапқы заттардың біреуі немесе екеуі де таусылғанша ақырына дейін жүреді.
↑.
Қайтымды реакция – кері және тура бағытта жүреді.
.
Егер бірқалыпты үрдісте кері және тура реакция жылдамдықтары бір- біріне тең болса бұл жағдайды тепе-теңдік күй деп атайды.
.

8.Химиялық тепе-теңдік.Ле-Шателье принципі.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына көлемнің әсері4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет