Тақырыбы: «Заттардың формулалары бойынша есептеулер» 8 сынып
Дата 24.09.2023 өлшемі 1,95 Mb. #110045 түрі Құрамы
Байланысты:
6-сабақ Химиялық формулалар бойынша есептеулер (1) Тақырыбы: «Заттардың формулалары бойынша есептеулер» 8 сынып Заттардың құрамындағы элементтердің массалық үлесін табады; Элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығарады. Массалық үлес деп – химиялық қосылыстағы атом массасының бүкіл молекуланың массасына қатынасын айтады. Гректің Ѡ (омега) әрпімен белгіленеді: Ѡ = N∙Ar / Mr немесе Ѡ = N∙Ar / Mr ∙ 100% Ѡ – қосылыстағы элементтің массалық үлесі; N – қосылыстағы элементтің атом саны ; Ar – осы элементтің салыстырмалы атомдық массасы; Mr – берілген қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасы H2O 2 + 16 = 18 СO2 12 + 32 = 44 Массалық үлесті есептеу ф 1-мысал. Судың құрамындағы сутек пен оттектің массалық үлестерін есептеңіз. Шешуі: Алдымен судың салыстырмалы молекулалық массасын есептейміз: Mr(H2O) = Ar(H) ∙ 2 + Ar(O) ∙ 1 = 1∙2 + 16∙1 = 18 Сутектің және оттектің массалық үлестерін есептейміз: Ѡ(Н) = 2∙Ar(Н) / Mr(H2O) = 2 ∙1 / 18 = 0,111 немесе 11,1 % Ѡ(О) = Ar(О) / Mr(H2O) = 16 / 18 = 0,889 немесе 88,9 % Оттектің массалық үлесін есептеудің екінші әдісі: 1-ден немесе 100 пайыздан сутектің массалық үлесін азайту. Массалық үлесті есептеу ф 2-мысал. Фосфор қышқылының құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңіз. Шешуі: 1) Заттың салыстырмалы молекулалық масссын есептейміз: Mr(H3PO4) = 3∙1 + 31 + 4 ∙ 16 = 98 2) Қосылыс құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептейміз. Ѡ(Н) = 3∙Ar(Н) / Mr(H3PO4) = 3 ∙1 / 98 = 0,03 немесе 3 % Ѡ(Р) = Ar(Р) / Mr(H3PO4) = 31 / 98 = 0,32 немесе 32 % Ѡ(О) = 4∙Ar(О) / Mr(H3PO4) = 4 ∙16 / 98 = 0,65 немесе 65 % 2. Массалық үлестері берілген жағдайда қосылыстың эмпирикалық формуласын табу Қосылыстың формуласын табу есептері: 1-есеп. Диқаншы орамжапырақ пен жүгері өсіреді. Егінінің жапырағы бозғылт жасыл болып , бойы өспей, жапырағы жұқа , гүлі майда болған соң ол азот тыңайтқышын өсімдіктерге сепкісі келді. Дүкенге барғанда диқанға үш түрлі тыңайтқыш ұсынды. Олар калий нитраты, натрий нитраты және аммоний нитраты. Диқанға қай тыңайтқышты таңдап алғаны тиімді? Есептеп, дәлелдеңіз. Дескриптор: Білім алушы - Қосылыстардың құрамындағы азоттың массалық үлестерін табады. Азоттың массалық үлесі бойынша тыңайтқышты ұсынады 1-есеп. Әр қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын есептеп, азоттың массалық үлесін табамыз: Mr(KNO3) = 39+14+48 = 101 Ѡ(N) = Ar(N) / Mr(KNO3) = 14 / 101 = 0,139 немесе 13,9 % Mr(NaNO3) = 23+14+48 = 85 Ѡ(N) = Ar(N) / Mr(NaNO3) = 14 / 85 = 0,165 немесе 16,5 % Mr(NH4NO3) = 28+4+48 = 80 Ѡ(N) = Ar(N) / Mr(NH4NO3) = 14 / 80 = 0,175 немесе 17,5 % Тиімдісі: Азоттың массалық үлесі ең көп қосылыс NH4NO3 Дескриптор: Білім алушы - Қосылыстардың құрамындағы азоттың массалық үлестерін табады. Азоттың массалық үлесі бойынша тыңайтқышты ұсынады 2-есеп. Құрамында 40% күкірт және 60% оттек бар қосылыстың формуласын шығарыңыз. Дескриптор: Білім алушы - Элементтердің массалық үлестері бойынша заттың формуласын шығарады. Дескриптор: Білім алушы - Элементтердің массалық үлестері бойынша заттың формуласын шығарады. Бүгінгі сабақта: Заттардың құрамындағы элементтердің массалық үлесін табуды үйрендім Элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығаруды үйрендім - Химия оқулығы 8 сынып Оспанова М.Қ., Белоусова Т.Г. https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/ Достарыңызбен бөлісу: