1. Инвестициялардың жалпы түсінігі, түрлері



бет3/5
Дата18.12.2022
өлшемі45,18 Kb.
#58027
1   2   3   4   5
Фьючерстік келісімшарт — биржа активінмәміле жасасу сәтінде тараптар белгілеген баға бойынша келешекте белгілі бір сәтте сатып алу-сату жөніндегі стандарттық биржалық шарт, яғни келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім


Фьючерстік келісімшарт биржадағы сауда тақырыбы болып табылады. Фьючерстік келісімшарт туынды қаржы құралдары тобына жатады. Фьючерстік келісімшарт үшін базистік активтер — валюта бағамы (валюталық фьючерс), жетекші компаниялар акцияларының бағамы (қор фьючерсі), пайыз нысанында табыс әкелетін активтер — депозиттероблигациялар (пайыздықфьючерс), тауарлар (тауар фьючерсі), биржалық индекстер (индекстік фьючерс). Тараптардың міндеттемелерді өтеуіне биржа толық кепілдік береді

39. Активтер мен инвестициялық валюталар бағасының құлдырауынан болатын тәуекелді хеджирлеу


Хеджирлеу-нарықтық факторлардың бірінші құралмен байланысты басқасының бағасына немесе ол генерациялайтын ақша ағындарына қолайсыз әсерімен байланысты тәуекелді төмендету үшін бір құралды пайдалану.
Нарықтық тәуекелді хеджирлеу компанияның қызметіне тұрақтылық элементін енгізеді, болашақ қаржы ағындарының белгісіздігін төмендетеді және неғұрлым тиімді қаржы менеджментін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде пайда ауытқуы азаяды және өндірісті басқару жақсарады.

40. Вексельдермен операциялардың табыстылығы


Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндаттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге ) берген қарыз міндеттемесі.
Вексельдік несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.

41. Халықаралық инвестиция түсінігі


Халықаралық инвестиция – шетел инвесторы тікелей қатысатын инвестиция. Бүкіл экономикалық жүйелердің жаһандануы кезінде Қазақстан Республикасының тəуелсİздİкке қолжеткізуі жəне ашық экономиканың дамуына байланысты халықаралық инвестиция қажеттілікке айналды. Экономикалық өсу жəне нарықтық өзгерістерді қаржыландыру үшін елдің өз қорларының жеткіліксіздігіне байланысты оның маңызы артты. Халықаралық инвестиция деген тікелей шетелдік инвестиция (яғни инвестицияны фирмалардың жарғылық қорына немесе акцияларына бөлу), қоржындық инвестиция, сыртқы қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек кіреді.

42. Халықаралық инвестицияның объектілері мен субъектілері


Инвестициялау объектісі дегеніміз – инвестицияға бағыттал- ған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрі.

Инвестициялау объектісіне:


ақша-қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;
жылжитын және жылжымайтын мүліктер;
авторлық құқық, ноу-хау және тағы басқа да интеллек-
туалдық құндылықтар;
жер учаскелері және тағы басқа да ресурстарды
пайдалану құқықтары, сонымен қатар, басқа да мүліктік
құқықтар мен құндылықтар жатады.
Инвестициялық қызметтің субъектілері ретінде, бір жағынан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушыларды (инвес- торларды), екінші жағынан, инвестициялық ресурстарға қажет- тілігі бар кәсіпорындарды, ұйымдарды және тағы басқаларды қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың
Инвестиция және инвестициялық қызмет тұтынушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады.

Инвестициялық қызметтің субъектілеріне:


жеке және заңды тұлғалар;
мемлекет;
шетелдік мемлекеттер;
басқа да халықаралық ұйымдар жатады.

43. Халықаралық инвестициялық портфельді қалыптастыру және таңдау


Халықаралық қаржы инвестицияларының портфелі құрылымын қалыптастыру нақты инвестор мақсаттарына байланысты болады. Олар мыналар бола алады:

  • нарық портфелінің сапасына жақын болатын сапаны (кіріс пен тәуекелді) алуға ұмтылу;

  • үлкен тәуекелге келісе отырып, нарық портфелінің кірісіне жоғары болатын кірісті алуға ұмтылу;

  • аз кіріске келісе отырып, нарық портфелі тәуекелінен төмен болатын тәуекелді қамтамасыз етуге ұмтылу.

44. Халықаралық инвестициялық портфельді қалыптастырудың белсенді және пассивті тәсілдері
Халықаралық инвестициялар портфелінің кірістілігін талдауды оны құру кезінен, сонымен қатар, кезекті уақыт интервалынан (күн, апта, ай, жыл) бастап өткізу қажет. Инвестициялық активтерді сату-сатып алу бойынша өткізілген операциялар үшін төленген салықтар мен қосымша ұстамдарды ескергендегі олардың таза пайдасын да бағалау қажет.
Халықаралық инвестициялар портфелі құрылымын қалыптастырудағы әр кезеңде пассивті, сол сияқты активті де тәсілдер қолданыла алады

45. Тұрақты инвестицияланған капиталмен халықаралық инвестициялардың рентабельділігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет