1. Инвестициялардың жалпы түсінігі, түрлері



бет4/5
Дата18.12.2022
өлшемі45,18 Kb.
#58027
1   2   3   4   5
Рентабельділікпайдалылық (нем. rentabel — табысты, пайдалы) — тиімділік‚ фирманың‚ оның қызметінің табыстылық көрсеткіші. Сан жағынан табысты шығынға бөлуден алынған жеке сан ретінде айқындалады.
Инвестициялар Рентабельділігіі — ұлғаймалы өндіріс пен жаңа техникаға жұмсалған күрделі қаржыныңтиімділігі.

46. ​​Айнымалы инвестицияланған капиталмен халықаралық инвестициялардың табыстылығы


Инвестициялау объектілері бойынша негізгі және айналым капиталын бөлуге болады. Негізгі капитал кәсіпорынның негізгі құралдар мен материалдық емес активтеріне салынған қаржы ресурстары болып табылады. Айналым капиталы, сәйкесінше, кәсіпорынның қаржы ресурстарының айналым қаражаттарына салынған бөлігі болып табылады.
Халықаралық инвестиция – шетел инвесторы тікелей қатысатын инвестиция.

47. Тұрақты және өзгермелі мөлшерлемесі бар облигациялар


Облигация- ол багалы қағаз , Иеленушісінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады және шығарылым шарттарында басқа жәйттер көзделмесе‚ қарызгердің иеленушіге тіркелген пайызбен қоса осы бағалы қағаздың атаулы құнын күні бұрын көрсетілген мерзімде өтелуін міндеттейді.


Қарыз құралдарына тұрақты және өзгермелі облигациялар, облигациялар, ноталар, депозиттік сертификат және вексельдер жатады. Бұл өнімдерді үкіметтер мен компаниялар іс-шаралар мен жобаларды қаржыландыру үшін қаражат жинау үшін пайдаланады. Қарыздық бағалы қағаздар әртүрлі формада болуы мүмкін. Кейбіреулер табыстың жоғары мөлшерлемесін ұсына алады, бірақ ұстаушы жоғары тәуекелдерді қабылдауы керек.

48. Еурооблигациялар. Еурооблигацияларды орналастыру әдістері


Еурооблигация — қарызгер еуронарықта ұзақ мерзімді қарыз алу кезінде шығаратын борышқорлық міндеттеме; купондық облигациялар түріндегі бағалы қағаз. Еурооблигация нарығы 20 ғасырдың 70-жылдарының басында пайда болды, оларды ірі халықаралық банкілер шығарды. Бұл облигацияларға кепілдік берумен және оларды бірқатар елдерде орналастырумен әдетте, халықаралық банк синдикаты айналысады

Еурооблигацияларды инвестициялық банктер орналастырады, олардың негізгі сатып алушылары институционалдық инвесторлар — сақтандыру және зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар болып табылады.


49. Еуроноттар, еурокоммерциялық қағаздар, еуродепозиттік сертификаттар, еурокредиттер


Еуроноттар- өзгермелі пайыздық мөлшерлемемен қысқа мерзімді міндеттеме. Еуровалюта нарығында орналастырылған (еуроаймақ нарығымен шатастыруға болмайды). Орта мерзімді кезеңде кредиттерді қамтамасыз ету үшін банктің кепілдіктерімен шығарылады.

Еурокоммерциялық қағаз-банк немесе корпорация халықаралық ақша нарығында шығаратын қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қарыз нысаны. Еурокоммерциялық қағаздар қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді.


Еуродепозиттік сертификат-депозит (салым) сомасының белгіленген мерзімі өткеннен кейін банкке енгізілген заңды тұлғаның салым сомасын және салымшының (сертификат ұстаушының) құқығын және сертификатты берген банкте немесе осы банктің кез келген филиалында сертификатта шартталған пайыздарды куәландыратын бағалы қағаз.


Еурокредиттер-Еуропа елдерінің ірі банктері еуровалюта нарығының ресурстарынан беретін халықаралық қарыздар


50. Валюта бағамының халықаралық инвестициялардың табыстылығына әсері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет