2. Бөлме ішіндегі ауаның биологиялық ластануы. Ластаушы заттардың таралу көздері мен жолдары, эпидемиологиялық қауіптілігі. Қазіргі кезде бөлме ішінде күннен-күнге химиялық жәнебиологиялық ластаушы заттардың жаңа көздері пайдаболуда, онымен бір уақытта шудан қорғану, жылужоғалтуын азайту мақсатында бөлмелердіңгерметикалылығын арттыру беталысы өсуде. Бұлар бөлмедеауа алмасуының күрт төмендеуіне және аудағы ластаушызаттардың концентрациясының жоғарылауына әкеп соғады. Осыған байланысты, шешуді қажет ететін, бөлмедегі ауасапасының нашарлау мәселесі барған сайын маңыздыболып отыр .
Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың бөлмелеріндегі ауаортасын ластайтын маңызды көздерінің бірі адамдардыңтыныс алуынан шыққан ауа болып табылады. Оныңқұрамында, атмосфералық ауамен салыстырғанда, оттегініңмөлшері аз, көмірқышқыл газы 100 есе көп, ол су буыменқаныққан, дене температурасына дейін қызған жәнеионсызданған. Бұдан басқа, оның құрамында адамағзасының зат алмасу үрдісінде пайда болатын ұшқышөнімдері - антропотоксиндер болады. Олардың құрамына30-дан аса газ түріндегі өмір сүру үрдісінің өнімдері (иісгазы, аммиак, ацетон, көмірсутектер, күкірсутек, альдегидтер, органикалық қышқылдар, диэтиламин, метиацетат, крезол, фенол. т.б.) кіреді. Бұлардан басқа, бөлмелердің ауасына тағы терінің бетіндегі, киімдегі, бөлмешаңындағы органикалық заттардың ыдырауы кезінде пайдаболатын 400-ге жуық ұшқыш заттар түседі.
Жабық бөлмелердің ауасы үнемі биологиялықластануға ұшырайды. Ластаушы көзі негізінен, науқасадамдардың, бациллотасымалдаушылардың тынысжолдарының кілегейлі қабықтары, үй жануарлары, құстар(көгершіндер, тотықұстар) болып табылады. Олартүшкіргенде, жөтелгенде, сөйлескенде ауаға құрамындамикроорганизмдер бар сұйықтықтың өте майда тамшыларыбөлінеді. Олардың ауа құрамында сақталу мерзімітамшылардың өлшеміне байланысты. Ірі тамшылыаэрозольдер (100 мкм ден артық) салмағының ауырлығынақарай еден мен заттарға тез қонады. Құрамында өлшеміорташа (20-100 мкм) және майда (1-2 мкм) тамшылары бар аэрозольдер ауада ұзақ уақыт болып, заттарға едәуір баяуқонады. Олардың қонуы, тамшылардың кебуі мен олардыңөлшемдірінің кішірейуі нәтижесінде баяулайды. Тамшыларкепкен жағдайда ұзақ уақыт ауада сақталып, ауа ағыныменбірге басқа бөлмелерге де таралатын бактериялық шаңтүзеді. Еденге, төсек орынға, киімдер мен басқа да үйзаттарына қонып, адамдар қозғалғанда, жүргенде, төсексалғанда, үй тазалағанда өздерінің қауіптілігін сақтайотырып, қайтадан ауаға көтеріледі. Айта кету керек, шаңдаоның өзінің тіршілігін барлық микробтар емес, тек айырықша, тұрақтылығымен ерекшеленетін жекеқоздырғыштар: туберкулез микобактериялары, спора түзушібактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар жәнебасқалар сақтап қалады.
Үйдің ауасында, әр түрлі жұқпалы аурулардыңқоздырғыштарынан басқа, әр түрлі микроскопиялықсаңырауқұлақтар мен мүктердің споралары, қарапайымдылардың цисталары және матрацтарда, кілемдерде, жұмсақ жиһаздарда, төсек жабдығындатіршілікететін үй кенелері болады. 1 г шаңда 500 дейін кенелерболуы мүмкін. Кенелердің айқын сенсибилизациялаушыәсері бар. Бронх демікпесімен ауыратын науқастардыңкөпшілігінде кенелермен ластанған ауамен тыныс алғандааллергиялық реакциялар байқалады. Азық-түлікөнімдерімен қоректенетін үй кенелері (ұн, ірімшік) адамныңтыныс жолына шаңмен бірге түскенде, тыныс мүшелеріндеакаридоз туғызуы мүмкін. Зең және басқа да саңырауқұлақтардың спораларымен ластанған ауаментыныс алу да қауіпті болып табылады. Қоршаған ортадакеңінен таралған зең саңырауқұлақтары негізінен өкпеніңзақымдануымен; кейде гематогенді жолмен де таралуыменсипатталатын аспергилезді тудырады. Тотықұстар жәнебасқа сәндік құстар ауыр зоонозды инфекцияның – орнитоздың көзі болып табылады. Тотықұс иелерінде, кейінпневмосклероз дамуына әкеп соғатын, аллергиялықальвеолит пайда болуы мүмкін.