4. Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы. Ауыз су сапасының гигиеналық критерийлері. Су денеміздің көп бөлігін алады.Су адам ағзасында үлкен рөл атқарады: ағзадағы барлық физикалық-химиялық процесс судың қатысуымен жүреді, су барлық зат алмасу, тотығу, гидролиз процестеріне қатысады. Су ағзаға керек қоректік заттарды тасымалдап, ағзаға керек еместерін ағзадан шығаруға қатысады.
Қалыпты жағдайда адам ағзасында ішкі ортаның осмотикалық қысымының тұрақтылығы сақталады, ол ағзаға су мен тұздардың түсуімен және шығарылуымен анықталады.
Қоршаған ортаның қалыпты температурасында және ылғалдылығында ересек адамның тәуліктік су балансы 2,2 - 2,8 л-ді құрайды. Адам ағзасы тәулігіне 1,5 л-ге жуық суды кіші дәрет арқылы, 400-600 мл тері қабаты, 350-400 мл тыныс алу кезінде, 100-150 мл нәжіс арқылы шығарады. Жоғалтқан судың орнын адам тәулігіне 1,5 л-ін сұйық ішумен (шай, кофе, сусындар және т.б.), 600-900 мл-ін тамақ тағамдарымен толықтырады, ағзадағы тотығу процестерінің әсерінен 300-400 мл су пайда болады.
Қоршаған орта температурасы көтерілген кезде және ауыр дене жұмысы кезінде ағзаның суды жоғалтуы артады. Мысалы, ыстық климат жағдайында, дене еңбегін атқарған кезде адамның суға деген сұранысы 5 л және одан да көбірек болуы мүмкін.
Ағзаға су жеткіліксіз мөлшерде түскенде адам шөлдейді және оған физиологиялық реакция береді, яғни су ішеді. Осылай ағзада су балансы және электролиттік тепе-теңдік тұрақты деңгейде болады. Егер ағза жоғалтқан судың орнын толтырып тұрмаса, ағзаның өмірлік маңызды мүшелердің жұмысы бұзылуы мүмкін.
Адамға су тек ішу үшін ғана емес, оның көп мөлшері санитарлық және шаруашылык-тұрмыстық мақсатта да қажет, яғни жеке бас гигиенасын сақтау үшін, кір жуу, үй-жайын таза ұстау үшін қажет. Су қоғамдық орындарды таза ұстау (мектептер, балабақшалар және т.б.), емдеу-сауықтыру орындарында жуып-тазалау жұмыстарын жүргізу үшін өте кажет.
Қазіргі кездегі қалаларға су орталықтандырылған канализация орнату үшін, орталықтандырылған жылыландыру жүйесін орнату, жасыл өсімдіктерді суару, көшелерді жуу үшін және көпшілікті сауықтыратын орындарда (жүзу бассейндері және т.б.) қажет.
Өндірістік мекемелер өзінің өндірістік қажетіне өте көп мөлшерде су жұмсайды.
Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз - адамның суға физиологиялық сұранысын толық қамтамасыз ететін және гигиеналық, шаруашьшык-тұрмыстық, өңдірістік мақсатқа қажет су мөлшері.
Судың сапасының үлкен гигиеналық маңызы бар. Судың сапасы оның органолептикалық қасиетімен, химиялық кұрамымен, эпидемиологиялык және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады.
Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен, дәмімен және иісімен сипатталады. Судың химиялық (минералдық) құрамы 85%-ға дейін кальций, магний, натрий катиондарынан, гидрокарбонат, хлорид, сульфат аниондарынан тұрады. Қалған бөлігі аммоний, калий, нитрат, нитрит, фосфат аниондарынан және микроэлементтердер (фтор, йод, цинк және т.б.) тұрады.
Химиялық құрамы бойынша табиғи сулар арасында айырмашылыктар болады. Минералды тұздардың көп концентрациясы суға жағымсыз дәм береді, асқазан-ішек жолдарының қызметіне теріс әсер етеді, ол суларды тұрмыста және өндірісте колдану мүмкін емес. Кейбір тұздар адамның ағзасына улы әсер етуі де мүмкін.
Ішуге қолданылатын су ашық су көздеріне өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары жіберілсе судың құрамында химиялық заттардың: сынап, мышьяк, қорғасын, хромның улы концентрациясы пайда болады.
Су көптеген жұқпалы ауру қоздырғыштарының көбеюіне және таралуына жақсы орта болып саналады. Адамдар арасында жұқпалы аурулар туындамас үшін, оларды сапалы судың жеткілікті мөлшерімен үздіксіз қамтамасыз ету керек.
Елдімекендерді сумен қамту екі түрлі жолмен іске асады: орталықтандылырған және орталықтандырылмаған немесе оны жергілікті сумен қамту деп те атайды. Орталықтандырылған сумен қамту кезінде құбыр арқылы су бүкіл елді мекенге немесе бір бөлігіне беріледі.
Судың сапасына қойылатын талаптар. Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық норма мен ережесіне «Орталықтандырылған сумен қамту кезіндегі судың сапасына қойылатын талаптар» сай ауыз су ретінде қолданылатын су эпидемиялогиялық және радиауиоиды жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянды емес және органолептикалық қасиеті жақсы болу керек.
Ауыз су ретінде қолданылатын судың сапасының стандартта көрсетілген нормативтерге сай екенін суға химиялық-бактернологиялық зерттеу жүргізіп анықтайды.